126 Ислам ғалымынан ИСИМ көшбасшысы Әл-Бағдадиге хат!
126 Ислам ғалымынан ИСИМ көшбасшысы Әл-Бағдадиге хат!
10 жыл бұрын 4464

Әртүрлі мемлекеттен 126 Ислам ғалымы ИСИМ террористік ұйымының көшбасшысы Әбу-Бәкір әл-Бағдадиге хат жазды. Хатта Ислам үмбетінің келісімінсіз халифалық жариялауға рұқсат жоқ екендігі айтылған. Хатқа қол қойған ғалымдардың бірі йорданиялық Әли әл-Халеби бұл хаттың ИСИМ содырларының есіне Ислам шарттарын салып, жасап жатқан қателіктерін көрсетіп, Алладан оларды тура жолға бастауын тілеу мақсатында жазылғанын айтты.

Сауд Арабия, Йордания, Палестина, Мысыр, Тунис, Судан, Йемен, Түркия, Англия, Франция, АҚШ, Швеция, Босния және Герцеговина, Италия, Белгия, Болгария, Аргентина, Канада, Үндістан, Қытай, Малайзия, Индонезия және Нигериядан 126 Ислам ғалымының қолы қойылған хатта былай делінген: «Ислам дінінде нақақтан нақақ, кінәсіз адамдарды, елшілер мен журналистерді өлтіруге, күпірлігін ашық жариялаған адамдарды кәпір санауға, християндармен, жалпы кітап иелерімен жаман қарым-қатынас жасауға, ғалымдар келісімімен жойылған құлдықты қайта қозғауға, адамдарды мұсылман болуға міндеттеуге, әйелдер мен балалардың ақысына қол сұғуға, өлілердің мәйітіне зарар беруге, адамдарды қинап, жәбір көрсетуге, жаман істерді Аллаға жаба салуға, Пайғамбарлар мен сахабалардың мазарларын қиратуға рұқсат берілмегені тәрізді Исламда үмбеттің келісімсіз халифалық жариялауға рұқсат жоқ!»

0 пікір
Мұрағат