12 жасқа дейінгі балаларға да эватаназияны қолдануға рұқсат ететін ереже өзгерісі мақұлданып кетті
|

Нидерланды билігі 1 жастан 12 жасқа дейінгі айықпас ауруға шалдыққан балаларға эвтаназия қолдануға рұқсат ететін жоспарды мақұлдады. Ағылшын тілінде хабар тарататын ВВС ақпарат көзінің хабарына қарағанда, аталған елдің денсаулық сақтау министрі Уго де Йонге мұндай шешім өз кезегінде жантөзгісіз аурудан азап шегетін балаларға қатысты қабылданып отырғанын еткізген. Бұрын да талай хабарлағанымыздай, 2002 жылдан бері Нидерландыда жасы 12-ден асқандарға науқас пен оның туған-туыстарының келісімімен эвтаназия жасауға заң жүзінде рұқсат етілгенін осы орайда тағы бір мәрте естеріңізге сала кеткіміз келеді. Ондай-ақ, эвтаназия бір жасқа толмаған балаларға да қолдануға рұқсат етілген. Ата-анасының келісімімен. Ел билігінің бұл шешімі қоғамды қызу талқыға түскенін айта кетуіміз керек. Консервативті христиан партиясының мүшелері қатты қарсылық көрсетті. Ендігі жерде жаңа ережеде қарастырылған талаптарға сәйкес 1 жастан 12 жасқа дейінгі айықпас дертке шалдыққан балаларға қатысты эвтаназия процедурасын қолданған дәрігерлер жауапкершілікке тарталмайды. Ауруы жанына батқан баланың дертін кем дегенде екі дәрігер растауы тиіс әрі ата-анасының келісімі керек.




