11 жастағы бала ересектерге суды қалай үнемдеу керектігін үйретіп жүр
11 жастағы бала ересектерге суды қалай үнемдеу керектігін үйретіп жүр
6 жыл бұрын 3588 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Біріккен Араб Әмірлігінде Пайыз Мұһаммед есімді 11 жастағы бала судың да сұрауы барын ұқтырып жүр. Ересектерге. Құрбы-құрдастарына. Әсіресе, дәрет алған кезде суды ысырып етпеу үшін ол жергілікті мешітте кезекшілікке өз еркімен тұрып жүр. Қолында плакаты бар. Плакатында суды пайдалануға қатысты деректер келтірілген. Жеткіншектің зерттеуіне қарағанда, суын ағызып қойып дәрет алса, бір адамға орташа есеппен күніне 7,3 литр су кетеді екен. Ал ыдыспен алса, бар-жоғы - 1,2 л. Шүмектен суды ағызып қойып дәрет алған адам айына 1080 литр суды пайдаланады. Ал ыдыспен алса, айына бар-жоғы 180 литр су жұмсалады. "Біз суды ыдысқа құйып, дәрет алсақ, айына 900 литр суды үнемдейді екенбіз",- дейді ол. Ол намаз басталмай тұрып, ерте мешітке келіп, жамағатқа суды ысырап етпеу жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, насихат айтып келеді.

0 пікір
Мұрағат