11 ханзада тұтқындалды. Саудия астанасының іргесінде баллистикалық зымыран жарылды
11 ханзада тұтқындалды. Саудия астанасының іргесінде баллистикалық зымыран жарылды
7 жыл бұрын 4082 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Сауд Арабиясында билік тізгінін ұстаған әулеттен 11 ханзада, қазіргі үкімет құрамынан 4 министр, сондай-ақ, ондаған бұрынғы министрлер тұтқындалды. Олардың қолына кісен салуға сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі комитет пәрмен берген. Бұл жайында "әл-Арабия" телеарнасы хабар таратты. Айта кетейік, коррупциямен күрес комитеті корол Салмен бен Әбдіәзіз әл Саудтың жарлығымен жуырда құрылған болатын. Аталған комитет өкілдері парақорлық пен жемқорлыққа шатылған жоғарғы лауазымды тұлғаларды тергеуге, тексеруге, тұтқындауға, шетелге шығуға тыйым салуға, қылмыскерлердің дүние-мүлкін, есеп-шоттағы қаржысын қадағалауға, қажет жағдайда бұғаттауға, тәркілеуге құқылы. Саудиялық "Ажил" ақпарат көзінің таратқан хабарына қарағанда, билік басындағы отбасы мүшелерінің бірі қару сату жөніндегі заңсыз мәмілеге қол қойған, тағы бірі ақша жымқырғаны үшін тұтқындалған. Тұтқындалғандар арасында монархтың жиені, миллиардер, ханзада әл-Уәлид те бар. Төмендегі суретте:

Осы аралықта сенбіде Саудия әскерилері ел астанасы - Ер-Рияд қаласының солтүстік-шығысында баллистикалық зымыранды жойғандарын мәлімдеп жатты. Ал "әл-Арабия" ақпарат көзінің мәліметінше, баллистикалық зымыран Йемен жақтан атылған.

 

0 пікір
Мұрағат