109 жастағы қария бір жылын пингвиндерге жемпір тоқуға арнады
|
BAQ.KZ ақпарат көзінің хабарлауынша Австралияның ең кәрі тұрғыны – 109 жастағы Альфред Дейт (Alfred Date) бір жылдан бері бос уақытын пингвиндерге жемпір тоқумен өткізіп келеді. Жылы киімдер дайын болғанда Филлип аралындағы Пингвиндерге көмек қорына өткізіледі
Дейттің айтуынша, ол өткен жылдың наурызында Уэльс жағалауында орналасқан қарттар үйіне келген уақыттан бастап жемпір тоқумен айналысып, дайын болған киімдерді қорға өткізіп келген.
29 жасынан бері киім тоқумен айналысатын қария қоғамға өздігінше пайдасын тигізуді ұйғарғанын айтады. Қазір әлемнің әр түкпірінен Дейт сынды еріктілердің арқасында 32 мың пингвинге жемпір тоқылыпты.
Қор қызметкерлерінің айтуынша, жемпірлер пингвиндерге еріккеннен тоқылып жатқан жоқ, қажеттіліктен туындаған дүние көрінеді. Филлип аралдарында суға мұнай төгілудің салдарынан пингвиндер суға түсіп, қорегін аулап жеу мүмкіндігінен қағылып отыр. Ал суға түспеген пингвин көп ұзамай, үсіп өледі екен. Мәселен, 2001 жылы теңізге мұнай төгіліп, 438 пингвин зардап шеккен. Жылы жемпірлер тоқудың арқасында қырылғалы тұрған құстардың 96 пайызы құтқарылған.