1 тоннадан аса қару алып жүре алатын соққы беруші беспилотник қолданысқа берілді (видео)
1 тоннадан аса қару алып жүре алатын соққы беруші беспилотник қолданысқа берілді (видео)
3 жыл бұрын 2404 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Түркияның әскерилері елдің қорғаныс өнеркәсібінде шоқтығы биік Baykar Makina консорциумы құрастырған Akinci соққы беруші беспилотнигіне ие болды. Бұл жайында islam.kz порталы TRT World ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. 875-тен аса сынақтан өткен Akinci беспилотнигін Baykar Makina 2018 жылдың орта шенінде жобалауға кіріскен еді, 2019 жылы құрастыла бастады. Аталған әскери жарақтың ұшу массасы (салмағы) – 4,5 т., ал қанатының ұзындығы – 20 м. Akinci 1,3 тоннаға дейін жүк алып жүре алады. Аталған соққы беруші беспилотник ұшу қашықтығы 250 шақырымнан асатын SOM қанатты зымыранымен, басқарылатын бомбамен және жердіңғ судың бетіндегі жаудың насындарын жоюға арналған зымыранмен жабдықталды. Түрік инженерлері Akinci беспилотнигін белсенді антеннамен, радиоэлектрлі жүйемен, сондай-ақ, барлаушы ақпаратты басқаруға әрі беруге арналған спутниктік байланыс құралымен жабдықтады. Akinci беспилотнигі 1,36 тонна жүкпен әуеде 25 сағат 26 минут бола алады, яғни, осынша уақыт ұша алады. Ол 7,5 мың шақырымды бағындырып, 11582 метр биіктікте ұшып, түрік ұлттық авиациясында рекорд орнатты. Akinci түрік сөзі «Рейдер» мағынасын береді. Аталған беспилотнигі Түркияның қарулы күштерінің пайдаланылуына берілді. Беспилотник – елдің қауыпсіздігін тікелей қамтамасыз ететін қорғаныс саласындағы жоғары технологиялы ең озық қару түрлерінің бірегейі. Бұл салада әлемнің алдыңғы үштігіне енетін Түркия бұл жетістігімен шектеліп қалмай, авианосцтің қысқа ұшу-қону жолағын еркін пайдалана алатын соқы беруші беспилотнигін құрастыруға кіріседі. Бұл туралы түріктердің Anadolu Ajansı ақпарат көзі мәлім етіп отыр. Түркия аз уақыт ішінде қорғаныс саласын отандық өнімдермен толықтыру бойынша толағай табыстарға жетіп отырған ел: 20% дан 80%-ға жетті отандық өнімдермен қамту деңгейі. Осылайша аталған ел ең маңызды стратегиялық саланы отандық өнімдермен қамтамасыз ету арқылы қорғаныс қабілетін осынша көрсеткішке жеткізе алды. 

 

0 пікір
Мұрағат