1-ші сынып оқушылары сырқат мұғалімдеріне қолұшын созды
|
Татарстан астанасы – Қазан қаласындағы мектептердің бірінде, дәлірегі, №179 мектептің бастауыш сыныбында сабақ беретін Ольга Востриковаға қорқынышты дигноз қойылды – 4-ші деңгейлі обыр. Мұғалімдерінің қатерлі дертке шалдыққанын білген оқушылары мен ата-аналар оның Израилде емделуі үшін қаражат жинады. Бұл жайында «Қазан репортері» ақпарат көзі хабар таратты. Мектеп қабырғасында ұйымдастырылған жылу жинау шарасында 404 рубл жиналды. «Ол біз үшін тек мұғалім ғана емес, сонымен бірге, туғанымыздай болып кеткен адам...»,- деді ата-аналардың бірі. Израилге ұшар алдында ол мектепке келіп, оқушыларымен қоштасып кетті. Жуырда оқушылар «WhatsAppMessenger»-де «ОА-ны (Ольга Андреевна – ред.) құтқару» деп аталатын топ ашып, қаржы жинауға кіріскен. Оқушылар балмұздақ алып жеуге берілген ақшаларынан үнемдеп, енді біреулері өз қолдарымен бұйым жасап, сатып, ақша жинаған. Оқушылардан бөлек бұл шараға әріптестері де атсалысып, жалпы сомасы жарты миллион қаржы жинап берді. Ем ақысы үш миллионға жуық қаржыны құрайды. Қазіргі уақытта Ольга Андреевна бірнеше химиялық терапиядан өтіп жатыр.