Сүннеттің діндегі орны
Жалпы айтқанда сүннетті діннің Құраннан кейінгі екінші қайнар көзі ретінде қабылдаған Ислам ғалымдары, сүннетті түп тамырымен жоққа шығарып яки хадистің сапасы толық сақталмаған деген сияқты сөздерге қарсы күресіп, сөз жүзінде кейде жазулы түрде де тойтарыс беріп отырған. Көбінесе жазулы түрде қарсылық берілген еңбектер, Исламның жазба тарихының ішінде ертеректе «Китабус-сүннә», «Китабул-иғтисам», «Китабул-иман» деген сияқты аттармен кейбір негізгі хадис кітаптарында бір бөлім түрінде орын алған немесе жеке еңбек ретінде жазылған. Мәселенің теориялық тартысы, хадис, фиқһ әрі кәлам ғылымдарына байланысты жазылған әдістемелік кітаптарының шеңберінде өрбіген.