Бәйшешек тағдыр жайлы
Жайт көрдім жүрегімді дүрсілдеткен, Бетпе-бет келіп қалдым бір шындықпен. Тұрсыңдар бой көтеріп қар астынан, Өр-қайсар бәйшешектер, гүлсің неткен?! Қатаң қыс қабақ шытып ызғарымен, Қыр төсін қымтап жапқан мұз-қарымен. Шыдадың қалай ғана, бәйшешектер, Өзіңнің нәзік қана қыз-жаныңмен?!...