САҒЫНЫШ ҚАНА ҚАЛАДЫ...
Бәрі өтеді. Мұң да, нала да, өкпе, реніш те. Жаныңа түскен жара жазылады, көңіліңе дақ болып жабысқан ашу тарқайды. Сағыныш қана қалады. Түн мен таңның таласқан сәтінде кеудеңді кернеп оятатын сағыныш қалады. Алды-артыңа қаратпай дедектетіп, бірге жүрген жерлердегі іздерді іздетіп сандалтатын...