Ұрланған сәбіз немесе мен қалай аш қалдым?!
1998 жылдың жаз мезгілі. Мысыр елінде үш жарым жылдан аса уақыт болып, елге алғашқы келіп тұрған бетім. Бәрі таңсық, бәрі өзгеріп кеткен. Он алты жасар бала күйінде кеткен едім. Санамда үш жарым жыл бұрынғы суреттер ғана сақталған. Кішкентай іні-қарындастарымды көріп танымай тұрмын. Бәрі бір түнде...