Оянғым келмейді... (жалғасы)
Бүгін жұмысқа, дәлірегі, ештеңеге зауқым соқпады. Ол ол ма, алай-дүлей боран соғып, кабинетте омалдым да қалдым. Шай іштім, жаттым, тұрдым, интернет ақтарған болдым, жаңалық оқыған болдым, бірақ, бәрі түйсіксіз, санасыз, сәулесіз. Қапырық басқан қаңсық тірліктен қамығырып, меңірейіп күн...