«Балапаным, менің, махаббатым да ТЕГІН...»
Ас үйде тамақ әзірлеумен әбігерге түсіп жатқан анасының жанына ұлы жүгіріп келді. Ештеңе деместен, бір жапырақ қағазды қалтасына салып кетті. Анасы жай ғана жымиды да, қолдарын алжапқышқа сүрте бастады. Бұрыштағы орындыққа отырып, қағазды ашты. Былай жазылған екен: Ауладағы жапырақтарды...