ЕСБОЛАТ АЙДАБОСЫН. ТИБЕТ АРУЫ (ӘҢГІМЕ)
Қоңыр салқын күз болатын. Далада терек басын тербетерлік жел жоқ, төңірекке перде тұтып қойғандай тымырық. Мұндай күндері Бейжіңнің аспанын түтін торлайды. Мұрындықты бұзаудай бір-бір медициналық маска таққан жұрт, көшеде көбірек жүрсе көк түтінге уланып қалардай, жапа-тармағай жерастына түсіп...