Бала тәрбиесінде ойынның рөлі
Бала тәрбиесінде ойынның рөлі
3 жыл бұрын 10321 kopilkaurokov.ru/
Гульнисам Алимжановна

Ойнау арқылы балалар айналасындағыларды, қоршаған ортаны танып-біліп, есте сақтау қабілетін арттырады, ойындағысын толық жеткізуді үйренеді. Сондай-ақ ойын олардың қиялына қанат бітіріп, алға жетелейді. Демек, ойын – жай ғана ермек не уақыт өткізу амалы емес, балалардың дұрыс өсіп-дамуында ерекше рөл атқаратын тәрбие құралы.

Ойынның психологиядағы алар орны

Үй ішіндегі тыныштық пен тазалықты талап етіп, баланың еркін ойнауына мүмкіндік бермеу – оның дұрыс дамып-жетілуіне кедергі келтіргенмен тең. «Айқайлауға болмайды!», «Жүгіруге болмайды!», «Секіруге болмайды!», «Шашуға болмайды!», «Сөйтпе-бүйтпе!» деп баланың еркіндігін шектеу арқылы оның жаңа нәрсеге қызығушылығын, құлшынысын басып, белсенділігін төмендетіп тастайтын ата-аналар болады. Осыдан кейін-ақ балалар енжар, жалқау, қорқақ, ұялшақ, ештеңеге қызықпайтын, сөзге шорқақ, ойын толық жеткізе алмайтын, тұйық болып өседі. Тіпті қалыпты дамуы тежеліп, қатарынан қалып қалуы да ғажап емес. Сондықтан балалардың дұрыс ойнауына, өздерін еркін сезінулеріне еш кедергі жасауға болмайды. Керісінше, мейлінше белсенді қозғалыста болуына жағдай жасап, ұзақ уақыт бір жерде отырып қалмауын қадағалаған жөн. Балаңызға уақытыңызды бөліп, бірге ойнаңыз, көбірек сөйлесіп, айналасындағыларды танып-білуіне мүмкіндік беріп, қызығушылығын оятыңыз.

Бірақ балаңызбен ойнағанда ол жай бақылаушы болып сыртта қалмасын. Оның да ойынға араласып, ертегілеріңіздің негізгі кейіпкері болуын қадағалаңыз. Әйтпесе, жай қарап отырғаннан, біріншіден – жалығады, екіншіден – «Бұлай ойнау қолымнан келмейді. Тек үлкендер ғана осылай істей алады екен» деген ойда қалады. Бұған жол бермеңіз. Сан алуан ойыншық  Балаңыз беріліп ойнап отырғанда оның ойынын бұзбауға тырысыңыз. Ойыншықтың көп болғаны емес, олардың әртүрлі болғанын қадағалаңыз. Ұл екен деп өңкей көлік немесе қыз екен деп тек қуыршақ әкеліп беру дұрыс емес. Түрлі жан-жануарлар, құстар мен жәндіктер, құрастырмақ ойыншықтар, музыкалық аспаптар, күрек, балға сынды құрал-саймандар, ыдыс-аяқ – ойыншықтардың түр-түрі болғаны дұрыс. Баланы тәрбиелейтін осы ойыншықтар болғандықтан да, күні кешке дейін тракторын дырылдатып отырғаннан ол ештеңе үйренбейді. Бір уақыт құрастырмақтармен үй құрастырсын, аң-құстың дауысын келтіріп, құрал-сайманды қалай пайдалануды үйренсін. Осылайша, бала ойнының бірсарынды емес, жан-жақты болуын қадағалаңыз.

Қандай ойыншықтар болады? Ойыншықтардың төмендегідей түрлері бар:

1. Дайын ойыншықтар (қуыршақ, автокөліктер, жан-жануарлар, т.б.)

2. Жартылай дайын, яғни бөлек бөлшектерден тұратын ойыншықтар (құрастырмақтар)

3. Ойыншық-материал (құм, ермексаз, таяқшалар, т.б.)

Дайын ойыншықтар балалардың ой-өрісін кеңейтеді. Мысалы, тракторлар мен жүк көліктері жүк тасиды, ал қуыршақтарға тамақ беріп, ұйықтату керек. Ит үріп, үй күзетеді, мысық мияулап, сүт ішеді. Осыларды бір-бірінен айыра білудің өзі – балалар үшін жақсы жетістік. Жартылай дайын ойыншықтар балалардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін арттырып, әр нәрсеге мұқият болуға, ұқыптылыққа, ептілікке, алдына мақсат қоя білуге тәрбиелейді. Сан түрлі ұсақ бөлшектерді біріктіріп, қалауындағыдай затты құрастырып шығу, әрине, үлкен іс тындырғанмен бірдей. Ал ойыншық-материал, яғни құмнан сарай салып, қорған тұрғызуға, ермексазбен әртүрлі жануарларды мүсіндеуге ебі бар баланың шығармашылық дарыны бар екені сөзсіз. Мұндай ойындар ұзақ уақытты, ұшқыр ойды, сабырлықты, ептілікті қажет етеді. Өкінішке қарай, көптеген ата-аналар тазалық жоқ деген желеумен балаларын құмда ойнатпай жатады. Бұл дұрыс емес. Әрине, «Құмды ауызына салып қоя ма?» деп қорқатын болар. Ендеше, ойнауына тыйым салмай, баланың жанына отырып, бірге ойнап, құмды ауызына салып қоймауын қадағалау керек. Сондай-ақ сумен ойнау да – балалар үшін қызықты ойынның бір түрі. Суды шалпылдатып, бір ыдыстан екінші ыдысқа құйып, шашып-төгу, қайық жүзгізіп, қуыршақтарын жуындыру балалар үшін ойын ғана емес, үлкен тәрбие құралы да. Кейбір еркетайлар суға шомылмақ түгіл, беті-қолдарын жуғызбай, жылап қашады. Демек олар – судың қандай рахат екенін, суда да ойнауға болатынын білмей өскен балалар. Балалардың ойынға шын беріліп ойнауына – қуыршақтарымен бірге өмір сүріп жатқандай немесе сүйреп жүрген көлігінің ішінде өзі отырғандай сезінуіне жағдай жасаңыз. Әйтпесе, балаңыз тез зерігіп, ойыншықтарын бірінен кейін бірін алып, лақтыра бергеннен басқа ештеңе істемейді. Бұл ойын емес. Ойынды соңына дейін ойнау керек. Сонда ғана оның пайдасы, балаға берер тәрбиесі болмақ. Еркетайыңызға ойыншықтарының иесі өзі екенін, оларды шашпауы, жоғалтпауы, сындырмауы, сынып қалса, жасап алуға тырысуы керектігін үйретіңіз. Ойнап болған соң ойыншықтарын өз орындарына жинап қою керектігін де ерте бастан үйреткен абзал.

Балалар ойыншықтарын неге сындырады? Психологтардың айтуынша, балалар көбіне көп дайын ойыншықтарды сындырады. Бастапқыда жаңа көлік қызық көрінгенімен, ылғи оны сүйреп жүруден бала зерігеді. Оның тағы сондай 10 көлігі бар. Сондықтан оны не лақтырып жібереді, не болмаса басқа мақсатта пайдаланып көрмек болады. Сөйтеді де, ойыншыққа «өзгертулер» енгізеді – дөңгелегін алып тастайды, есігін жабылмайтын қылады, тағысын тағы. Яғни оны өзінше жасап алады. Ал біздіңше сындырады. Кейде балалар ойыншықтарын зерттеп көру үшін, «Ішінде не бар екен?», «Қалай жасалған екен?» деген қызығушылықтан ашып көреді. Бұл үшін балаларды ұрысуға, не «Бәрібір сындырып тастайды» деп жаңасын алып бермей қоюға болмайды. Сондай-ақ ойыншықтарын әдейі лақтырып, ұрып сындыратын еркетайлар да бар. Оларға «Ойыншығың сынып қалса, басқа ойыншықтарың да қашып кетеді. Сындыруға болмайды. Одан да мынандай ойын ойнайық» деп алдап-сулап, сындыруға болмайтынын түсіндіру керек.

Баланың психикалық дамуындағы ойынның ролі

Ойын әрекетінде баланың психикалық қасиеттері мен жеке басының ерекшеліктері неғұрлым тез қалыптасады. Ойын кезінде іс-әрекеттің кейін дербес мәнге ие болатын өзге түрінің де негізі қаланады.

Ойын әрекеті психикалық процестер ырықтылығының қалыптасуына әсер етеді. Сонымен балаларда ырықты зейін мен ырықты ес дами бастайды. Ойын жағдайында балалар лабороториялық тәжірибе жағдайынан гөрі әр нәрсеге жақсы зейін тоқтатады және көбірек есінде сақтайды. Бала үшін саналы мақсат ойын арқылы ерте және бәрінен оңай бөлінеді. Ойын шарттарының өзі баладан ойын жағдайында ендірілген заттарға, ойналатын көріністер мен сюжетке зейін тоқтатуды талап етеді. Егер бала алдағы ойын жағдайының талабына зейін қойғысы келмесе, ойын шарттарын есте ұстамаса, оның құрдастары шеттетеді. Қарым-қатынасқа, эмоциялық мадақтауға қажеттілік баланы мақсатты бағытталған зейін тоқтатуға және есте сақтауға мәжбүр етеді.

Ойын жағдайлары мен ондағы іс-әрекеттер мектепке дейінгі шақтағы баланың ақыл-ой әрекетінің дамуына үнемі әсер етеді. Ойыеда бала заттың баламасымен іс-әрекет жасауға үйренеді. Ол балама затқа ойынға сәйкес ат қояды және осы қойылған атқа іс-әрекет етеді. Балама зат ойлау тірегі болады. Балама затпен іс-әрекет ету негізінде бала сол зат жөнінде ойлауды үйренеді. Біртіндеп заттармен жасалатын ойын қимылдары азая түседі, бала заттар жөнінде және олармен ақыл-ой тұрғысынан іс-әрекет жасауды ойлауды үйренеді. Сонымен, ойын едәуір дәрежеде баланың ұғым тұрғысынан ойлауға көшуіне көмектеседі.

Сонымен қатар ойын әсіресе және баланың сюжетті рөлді ойынындағы шынайы өзара қарым-қатынасының тәжірибесі өзге адамдардың көзқарасына түсуге, олардың келешектегі мінез-құлқын болжап білуге және осының негізінде өзінің жеке басының мінез-құлқын құруға мүмкіндік беретін ерекше ойлау қасиеттері жатады.

Ойын тілдің дамуына өте зор ықпал тигізеді. Ойын жағдайы оған араласқан әрбір баладан тіл қарым-қатынасы дамуының белгілі бір деңгейін талап етеді. Егер баланың ойынның барысына қатысты өз тілегін анық айтуға мүмкіндігі болмаса, егер ол бірге ойнап отырған өз жолдастарының сөз арқылы берілген нұсқауларын түсінуге қабілеті жетпесе, онда ол құрдастарына мысал болады. Құрдастарымен түсіну қажеттілігі ұйқасымды тілдің дамуына себепші болады.

Ролді ойын қиялдың дамуында анықтаушы орын алады. Ойын әрекетінде бала бір затты екінші затпен алмастыруға өзіне түрліше ролдерді алуға үйренеді. Қиялды дамытудың негізіне осы қабілет жатады. Мектепке дейінгі ересек балалардың ойындарында балама заттардың болуы міндетті емес. Балалар заттарды түсінуге және олармен амал істеуге және өз қиялында жаңа жағдайларды жасауға үйренеді. Мұндай жағдайда ойын баланың ішкі дүниесінде өтеді. Нәзік саусақтарымен жағын сүйеп, ойға шомып кеткендей. Қыздың қуырщаққа қарап отырған фотографиясын 6 жасар Катюша көріп тұр. Қуыршақ іс-тілегін ойыншық машинаның жанына отырғызған. Катюшаның айтқаны: «Кішкентай қыз өзінің қуыршағы іс тігіп отыр деп ойлайды». Кішкене Катюша өзінің түсіндіруі бойынша тек оның өзне тән ойын тәсілін тапты.

Баланың жеке басының дамуына ойынның өз ықпалы бар. Ойын арқылы бала ересек адамдардың мінез-құлқы және қарым-қатынасымен танысады, ал бұлардың бәрі оның өз мінез-құлқының үлгісі болады, өз құрдастарымен қарым-қатынас жасауға қажетті қасиет болып саналатын араласа білудің негізгі дағдыларына ие болады. Ойын баланы еліктіре және оның өзне алған роліндегі ережелерді орындауға итермелей отырып, сезімнің және мінез-құлықтың ерікті жігерді реттеудің дамуына себепші болады.

Баланың іс-әрекетінің жемісті түрлері саналатын сурет салу мен құрастыру мектепке дейінгі балалық шақтың түрлі кезеңдерінде ойынмен тығыз байланысты. Мәселен, сурет сала отырып ьала қандай да бір сюжетті ойнайды. Балар өзара қырқысып жатқан, бірін-бірі қуып бара жатқан аңдардың, қонаққа бара жатқан және қонақтан қайтып келе жатқан адамдардың, соққан желден құлап түсіп жатқан алманың т.б. суреттерін салады. Текшелерден бірдеңені құрастыру ойын барысында ұштасады. Шофер ролін алған бала блоктарды құрылысқа апарады, сосын осы блоктарды машинадан түсіретін жүк түсіруші болады, ақырында ол үй тұрғызушы құрылысшы-жұмысшыға айналады. Бірлесіп ойнағанда бұл міндеттерді бірнеше бала өзара бөліседі. Сурет салуға, құрастырушылыққа деген ынталары басында тек ойын мақсатына сәйкес сурет салуға, құрастыруға бағытталған процесс ретінде болады. Тек мектепке дейінгі естияр да ересек жастағы балалар да ынта іс-әрекетінің нәтижесіне ауысады да іс ойын ықпалынан азат етіледі.

Ойын іс-әрекеті ішінде оқу ісі де қалыптаса бастайды, кейінірек ол бала іс-әрекетінің басты түріне айналады. Оқу ісін ересек адам енгізеді, бірақ ол тікелей ойыннан пайда болмайды. Бірақ мектеп жасына дейінгі бала ойнай жүріп оқи бастайды. Ол оқуға белгілі бір ережелері бар ролді ойынның ерекше түрі ретінде қарайды. Әйтсе де осы ережелерді орындап жүріп, қарапайым оқу әрекетін меңгеріп жүргенін баланың өзі де аңғармайды. Үлкендердің оқуға көзқарасын ақырындап байқаусыз қалыптастырады. Балад оқуға деген тілек пен бастапқы іс-әрекеттері қалыптасады.

Ойын іс-әрекетінің жалпы сипаттамасы.

Ролді ойын элементтері сәбилік шақта пайда болып, дами бастайтындығын біз айтып өткенбіз. Ролді ойындарда балалар үлкендермен бірге болуға тырысып, ерекше ойын түрінде ересектердің өзара қарым-қатынастары мен еңбектегі қызметін еске түсіреді. Мектепке дейінгі шақта ойын іс-әрекетінің басты түріне айналады, алайда бұл қазіргі баланың, әдетте көп уақытын өзіне қызықты ойындармен өткізетіндігінен емес, ойын баланың психологиясында сапалы өзгерістер туғызатындығынан болады.

Мәселен, қолына түскен затпен қимылдар жасағанда немесе үлкендердің үйреткендерін орындағанда бала ойнап отыр деп жиі айтамыз. Бірақ бір әрекетімен екінші бір әрекеті, бір затпен екінші бір затты бейнелегенде нағыз ойын болады. Ойын әрекеті белгілік символикалық сипатта өтеді деп ойында ғана бала санасында белгілік функция қалыптасатындығы неғұрлым айқын байқалады. Белгілік функцияның ойын үстінде көрінуінің өз ерекшеліктері бар. Заттар мен ойын балаларының ұқсастығы, мәселен, суреттің бейнеленген болмысқа (шындыққа) ұқсастығы әлдеқайда төмен болады. Әйтсе де ойындық алмастырғыштар балама затпен әрекет жасағандай дәрежеде олармен әрекет жасауға мүмкіндік беруге тиіс. Сондықтан бала таңдап алынған заттың баламасына өзінше ат беріп және оған белгілі бір тән қасиеттерді таңа отырып, оынң да кейбір ерекшеліктерін ескереді. Мектеп жасына дейінгі бала негізгі заттың баламаларын таңдағанда олардың нақты шынайы қарым-қатынастарын негізге алады. Мысалы, шырпының талы – қонжық, тұтас талы – кірекей (ана аю), шарпы қорабы – қонжықтың төсек-орны болатындығына ол бірден келіседі. Бірақ қораптың – қонжық, шырпы талы – оның төсек орны болу керек деген шешімге ол мүлде келіспейді. Бала оған: «Бұлай болмайды!», - деп жауап береді.

Мектеп жасына дейінгі бала ойын іс-әрекетінде заттарды ажратып қана қоймай, сонымен қатар өзіне қандай да бір ролді алады да, сол ролге сәйкес іс-әрекет жасай бастайды. Бала өзін аттың немесе қорқынышты аңның орнына қоя тұрса да, көбіне ол ересек адамдарды: анасын, тәрбиешісін, ұшқышты, шоферді бейнелейді. Балаға ойын іс-әрекеті процесінде адамдар арасындағы қарым-қатынастар, олардың праволары мен міндеттері біртіндеп ашыла түседі.

Айналасындағыларға қатысты міндеттер – баланың өз басына алған ролді орындау қажет екендігін сезгендігі. Өзге балалар одан өзіне алған ролін дұрыс орындауды күтеді және талап етеді. Мысалы, сатып алушының ролінде бала өзінің алғандары үшін ақша төлемей кетуге болмайтындығын түсінеді. Дәрігердің ролі оны шыдамды болуға және ауруға талап қоя білу және т.б. міндеттейді. Міндеттерді орындай отырып, бала ойныға қатысушылардың ролін орындайтын басқалардың да праволарына ие болады. Мәселен, сатып алушының роліндегі бала өзне ойыншықтар сөресінде бар кез келген товарды жіберіді талап етуге және басқа сатып алушыларға жасалатындай қатынасты талап етуге правосы бар. Дәрігер өзіне құрмет пен сенімділік қарым-қатынасты, өзі берегн нұсқауларды емдеушілердің орындауларын талап етуге правосы бар. Сюжетті ойынның мәні ролді орындаушының өзіне қойылған міндеттерді орындауы мен ойынға қатысушы өзгелерге де қатысты проволарды іске асыру болып табылады.

Ойынның сюжеті мен мазмұны.

Балалар өздерінің. Ролді ойындарында айналасындағы шындықтың көп жақтылығын көрсетеді. Олар үй тұрмысынан, үлкендердің еңбектегі іс-әрекеті мен олардың еңбектегі қарым-қатынастарынан көріністер көрсетіп, замана оқиғаларын және бақаларды бейнелейді. Балалар ойындарда көрсетілетін шындық ролді ойындардың сюжеті болады. Балалар араласатын өмір ауқымы неғұрлым кең болса, ойын сюжеті де соғұрлым кең де сан алуан келеді. Сондықтан да, мектепке дейінгі кішкентайлардың оыйн сюжеттері шағын, ал мектепке дейінгі ересектердің ойын сюжеттері өте сан алуан. 5-6 жастағы балалар қонақтар, қызы мен анасы, балабақша ойындарын ғана емес, ауыл өмірі, көпір салу, космос корабілін ұшыру сиқты ойындарды да ойнайды.

Ойын сюжетінің әр алуандылығы артқан сайын ойын уақытының ұзақтығы да артады. Мәселен, 3-4 жастағы балалар оынының ұзақтығы бар болғаны 10-15 минут болса, 4-5 жастағы балалар ойынеының ұзақтығы 40-45 минутқа, мектепке дейінгі ересектердің ойыны бірненеш сағатқа, кейде тіпті бірнеше күнге созыла береді.

Балалар ойынның кейбір сюжеттері мектепке дейінгі кішкентайларда да, ересектерінде де қызы мен анасы, балабақша ойындары кездеседі. Бірақ ойын сюжеттері мектепке дейінгіжастағы балалардың бәріне ортақ болғанымен ойындардың ойналу сипыты түрліше: бір тақырып төңірегінің өзінде мектепке дейінгі ересектер ойыны кішкентайлар ойынына қарағанда анағұрлым алуан түрлі. Әрбір жасқа ортақ сюжеттөңірегінде болмысты түрлі жақтарынан көрсете білу тән.

Соынмен, сюжетке нұсқау ойынды толықтай сипаттамайды. Сюжетпен қатар ролді ойынның мазмұнын да ажырату қажет. Ересектер іс-әрекетінен бала нені негізгі сәт деп бөліп көрсетсе, ойынның мазмұны сол болып табылады. Әр түрлі жастағы балалар тобы ортақ сюжетті ойынға түрліше мазмұн береді. Айталық, кішкентайлар ересектердің қандай да бір іс-әрекетін еске түсіре отырып, тек беліглі бір заттар мен белгілі бір қимылды әлденеше рет қайталайды. Заттар арқылы үлкен адамдардың шынайы істерін қайталап көрсету мектепке дейінгі кішкентайлар ойынының негізгі мазмұны болып табылады. Мысалы, сәбилер түскі тамақ ішу ойынын ойнағанда қандай да бір қимылды бірнеше рет қайталай отырып, нан тіледі, ботқа пісіреді, ыдыс-аяқ жуады. Әйтсе де балалар тілінген нанды үстел басныдағы қуырщақтардың алдына қоймайды, пісірген ботқаны тәрелкеге салмайды, таза тұрған ыдыстар жуылады. Мұнда ойын мазмұны тек қана заттар арықылы жүргізідетін қимылдармен көрсетіледі.

0 пікір