Араб тілі - Құран тілі. Араб тілін үйренуді ойлап жүрген болсаңыз, сізге үйреніп жатқан тілдің кейбір ерекшеліктері туралы аздап білген әрдайым пайдалы. Соған орай, төменде араб тіліне байланысты кейбір жайттарды ұсынып отырмыз:
1. Араб тілі - семит тіліне жатады.
2. Әлемде шамамен 280 миллион халық араб тілінде сөйлейді. Аталмыш тіл 26 елде, соның ішінде Алжирде, Египетте, (иврит тілімен қоса) Израилде, Ливан, Марокко, Сауд Арабиясы, Тунис және Біріккен Араб Әмірліктерінде ресми тіл болып табылады. Араб тілі - әлемде ең көп таралған бесінші тіл.
3. Бес түрлі араб диалектісі бар. Ең кең тарағаны – мысыр диалектісі. Диалектімен қоса, бәріне ортақ бірыңғай әдеби араб тілі немесе стандартты араб тілі бар.
4. Араб тілі көптеген тілдерге әсер еткен. Араб тілі көптеген тілдерге, соның ішінде еуропа тілдерінің көпшілігіне, және де азиялық және африкалық тілдерге әсер еткен. Мысалы, ағылшын тілінде алкоголь, алгебра, алгоритм, орта, лолипоп, керуен, мақта, жираф, гитара, құмыра, лимон, сирень, журнал, қант, талисман сияқты көптеген араб сөздері бар. Еуропалықтар арабтардан экзотикалық сөздерді ғана емес (джин, факир, халва, харем, жасмин), сонымен қатар бірқатар ғылыми терминдерді (алгебра, алхимия, алгоритм, шифр, сан) алған. «Адмирал» сөзі - «теңіз әмірі» дегенді білдіретін «амир аль-бахри» сөзінің өзгертілген түрі.
5. Араб тілінде бір «түйе» сөзіне қатысты 1000-ға жуық синоним қолданылады. «Қылыш» пен «арыстан» сөздері үшін тіл мамандары 500 синоним анықтаса, ал «қайғы» сөзі үшін 400 синонимнің барын анықтаған.
6. Араб тілінде махаббатты сипаттайтын 14-ке жуық сөз бар. Бұл тілде әрбір «махаббат» сезімін білдіретін сөздер – ғашықтықтың белгілі кезеңдерін сипаттайды. Мысалы, «хауа» сөзі – әлдекімге бауыр баса бастағандығын білдірсе (немесе көңілі тарта бастағанды), «хуюм» сөзі - одан кейінгі ақыл-ойдың жоғалуын, ал «ъишк» (ғашық) сөзі – біреуге соқыр құмарлықпен құмартуды білдірмек.
7. Бұл тілде «қайырлы таң» тілеуді, сол сәттегі жағдай мен қарсыдағы адамның жақындығына қарай ең кемі жеті түрлі жолмен тілей аласыз.
8. Араб және иврит (еврей) тілдерінің жақындығы. Араб және иврит тілдері - семит тілдеріне жатады. Олардың ұқсастығы араб тілділерге иврит тілін, ал иврит тілділерге араб тілін жеңіл үйренуге мүмкіндік береді.
9. Араб тілінде бас әріптер жоқ.
10. Араб тілінде басқа тілдерде кездеспейтін дыбыстар бар. Мысалы, «ъайн», «Һә» т.б.
11. Араб сөздері оңнан солға қарай жазылады. Өзге тілдерден араб тілінің тағы бір айырмашылығы – араб тілінде сөздер оңнан солға, ал араб сандары солдан оңға қарай жазылады.
12. Бұл тілде басқа тілдерге аударылуы қиынға соғатын өзіндік көптеген ұғымдар қамтылған.
13. Тарихта арабтар бөтен сөздерді өз тілдеріне кіріптар етуге көп құштар болмаған. Олар әлдебір нәрсеге өз тілінде сөз жасауды жөн көрген.
14. «Алкоголь» сөзі араб тілінен шыққан. (الكحل-әл-Күхл-Alcohol).
15. Қазақ лекцикалогиясында 3000-нан астам араб сөздері кең түрде қолданылады.
16. Қазіргі орыс тілінде шамамен 450-ден астам арабизм бар.
17. "Матрас" сөзі - араб тіліндегі "әл-мәтрах" (مَطْرَحٌ) сөзінен пайда болған. Матрас сөзі орыс тіліне европа тілдерінен енсе де, оның түпкі шыққан тегі - араб тіліндегі "сұлап жататын орын" немесе "лақтырылған зат" деген мағынаға саятын "әл-Мәтрах" сөзі болып табылады (مَطْرَحٌ).
18. Араб әріптерімен түрлі жан-жануарлар мен өсімдіктердің және басқа да заттардың суретін бейнелеуге болады.
Пайдаланылған дереккөздер:
alfarabinur.kz
jobforarabists.ru
primavista.ru
nlab.ru
ru.wikipedia.org