Төрт жасар жылқыны екі тайға айырбастау өсімге (риба) жата ма?
Төрт жасар жылқыны екі тайға айырбастау өсімге (риба) жата ма?
9 ай бұрын 1412

Ассаламуғалейкум! Төрт жасар жылкыны екі жасар екі тайга ауыстыруға бола ма?? Ұласқан

Уағалейкумуссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!

Төрт түлік малдар «өсімге кіретін заттар» қатарына жатпайды. Сол себепті, төрт жасар жылқыны, екі жасар екі тайға, бір сиырды екі-үш танаға яки бұзауға айырбас жасай беруге болады. Тек, айырбас араға уақыт салмай, қолма-қол болуы шарт (мысалы, келісімге қарай дөнен не биені бүгін алып, екі тайды бір аптадан соң әкеліп берем деп араға уақыт салуға болмайды). Олай болмаған жағдайда, «несие өсімін» тудыратындықтан шариғатқа қайшы. Бұл - Ханафи мәзхабы бойынша. 

Ал, Шафиғи мәзхабы бойынша, хайуанды хайуанмен айырбас жасарда «қолма-қолдық» шарт емес.  

Және айта кету керек, келісім – түсініспеушілік тудырмайтындай анық-айқын болуы керек.


Шариғатта өсімді екі түрге бөліп қарастырады. Біріншісі, «рибан нәсия» - несие пайызы. Екіншісі, «рибаль фадл» -  таразыға тартылатын бір сортты заттарды айырбас жасарда бірі екіншісінен артық болу (мөлшері).  

Абдусамат Қасым