Тіл астына салатын дәрі оразаны бұза ма?
Тіл астына салатын дәрі оразаны бұза ма?
3 жыл бұрын 4281

Тілдің астына салынатын дәріні ораза кезінде қолдануға бола ма?   Жалғас 

Жүрегі ауыратын немесе қан қысымы жоғары кісілерге  арнайы таблетка тілдің астына салынады,  сол арқылы дәрі қантамырға тез сіңіріледі. Мұны сублингвальды жолмен препаратты қабылдау деп атайды. Мұндай препараттар ішуге арналмаған.

Тіл астына салынған препарат еріп, қан тамыры арқылы сіңірілетіндіктен оразаны бұзбайды. Ауызда қалған дәмінің оразаңызға кесірі жоқ.

Бірақ ерітіндісін жұтпауға аса мән берілуі тиіс. Ерітіндісін жұтқан жағдайда оразаңызды бұзу қаупі бар[1]. 

[1] 1997 жылы Жидда қаласында өткен Мемлекетаралық Фиқһ Ұйымының кезекті 10-отырысында қабылданған қаулы бойынша.

Абдусамат Қасым