Үтір намазының қазасы бар ма?
Үтір намазының қазасы бар ма?
10 жыл бұрын 21539

Ассалаумағалейкум! Сұрайын дегенім: Құптан намазының қазасын өтейтін кезде  үтірін де өтеу керек пе? Ерболат.

Уағалейкумсалам!
Құрметті Ерболат, Әбу Дәуідтің хадистер жинағында келтірілген бір риуаятта ардақты Пайғамбарымыз (с.а.у.): «Кімде-кім ұйқтап қалып немесе ұмытып кетіп үтір намазын жіберіп алса,  онда оны есіне түскен кезде оқып алсын»[1], - деп бұйырған. Осы хадиске қарай отырып ғалымдарымыз: «құптан намазының қазасын өтейтін кісі үтір намаздың да қазасын өтеуі тиіс»  - деген тоқтамға келген[2].  

[1] Әбу Дәуід: Китабус сала – бәбу тәфриъи әбуәбил уитри - №1431 хадис.
[2] Бадаиғ – 2/227 бет.

Абдусамат Қасым