Тілдің астына салынатын дәріні ораза кезінде қолдануға бола ма? Жалғас
Қан қысымы көтерілгенде тіл астына салатын дәрі оразаны бұза ма?
|
Жүрегі ауыратын немесе қан қысымы жоғары кісілерге арнайы таблетка тілдің астына салынады, сол арқылы дәрі қантамырға тез сіңіріледі. Мұны сублингвальды жолмен препаратты қабылдау деп атайды. Мұндай препараттар ішуге арналмаған.
Тіл астына салынған препарат еріп, қан тамыры арқылы сіңірілетіндіктен оразаны бұзбайды. Ауызда қалған дәмінің оразаңызға кесірі жоқ.
Бірақ ерітіндісін жұтпауға аса мән берілуі тиіс. Ерітіндісін жұтқан жағдайда оразаңызды бұзу қаупі бар[1].
[1] 1997 жылы Жидда қаласында өткен Мемлекетаралық Фиқһ Ұйымының кезекті 10-отырысында қабылданған қаулы бойынша.
Көп оқылғандар
■
Мешітке кірген сайын мешіт ақысын (сәләм намазын) оқуым керек пе?
■
Жұмада екі құтпа арасында дұға етілгенде қол жайылмайды деген рас па?
■
Әйелімді сүймеймін деп ант еткен болсам, оның үкімі не болады?
■
Вагиналды бөлінулердің қайсысы дәретті бұзады? (әйелдерге қатысты)
■
Жұма күні қанша мәрте салауат айтқан жақсы?