Тісімді банк арқылы бөліп төлеп, емдетсем бола ма?
Тісімді банк арқылы бөліп төлеп, емдетсем бола ма?
3 жыл бұрын 4561

Әссәләмуғалейкум! Маған тіс емханасы емделу қаражатын өздерінің көрсеткен банкісі арқылы бөліп төлеуге болатынын айтты. Шариғатта бұған рұқсат бар ма?

Уағалейкумуссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!

Құрметті сауал жолдаушы, айтып отырғаныңыз банк арқылы бөліп төлеу болса, ол жүйеде өсім болғандықтан, шариғатқа сай емес. Өйткені, банк, негізінен алып қарағанда, тістің ақысын сіздің орныңызға төлеп, кейін сізден белгілі бір пайызбен қайтарып отырады. Бұл – пайызға қарыз бергенмен тең. Ондай мәміле Ислам шариғатында «өсім жеушілік» ретінде саналып, қатаң тыйым салынған.

Бірақ, тіс емханасының өзі тікелей клиенттеріне қызмет ақысын бөліп төлеу мүмкіндігін қарастырған болса, оған рұқсат. Қызмет көрсетуші тұлға мен қызметті пайдаланушы тұлға өзара қызмет ақысының қолма-қол болуына немесе бөліп төленуіне келісім жасаса алады.

Осы тұрғыда, тіс емханасы қызмет ақысының дер кезінде төленуінің кепілдігі ретінде клиенттен кепілзат қалдыруын немесе біреуді кепілгер (гарант) қылуын талап ете алады.

Ең дұрысы - Аллаға мәлім!

Абдусамат Қасым