Бензил спирті адал ма (Е1519)?
Бензил спирті адал ма (Е1519)?
3 жыл бұрын 3314

Ассалямуалейкум уа рахматуЛлахи уа баракятух! Қояр сұрағым: аквадтеримнің құрамында «спирт бензиловый» (15 мг) бар екен. Балаға беруіме бола ма, жоқ па?  Алла разы болсын! Рахмет. Айнұр.

Уағалейкумәссәләм уа рахматуллаһи уә бәракәтуһ!

Бензил спирті - хош иістендіргіш спирт. Мұны көбіне парфумерия өнімдерінде қолданылады. Сондай-ақ, дәрі-дәрмектерде, тамақ өнеркәсібінде де қолданылуы мүмкін. Химиялық аты: «фенилкарбинол». Таңбалық белгісі: Е1519.  

Бензил спирті, этил спирті емес. Этил спиртінде мас етуші ерекшеліктің болуына орай, оны харам дейміз. Ал, бензил спиртінде бұндай ерекшелік жоқ. Әрі белгілі дозадан аспайтын болса, бензил қосындысы залалсыз деп есептеледі. Сондықтан да, кейбір шетелдік «халал өнімдер» зерттеу орталықтарында, бензил спирті қосындысының халалдығына үкім беріп отыр[1].  

Әйтсе де, кейбір елдерде аталмыш қоспаны тамақ өнімдеріне қосуға тыйым салғандығын айтпай кетуге болмайды. Ал, кей елдер белгілі дозадан аспау шартымен, тамақ өнімдерінде қолдануға рұқсат етеді.   

Тоқетерін айтқанда, дәрігерлер тарапынан адам денсаулығына тигізер зардабы жоқ деп танылған болса, бензил спирті қосылған препараттарды қабылдаудың шариғи тұрғыда күнәсі жоқ деген ойдамын. Ең дұрысы – Аллаға мәлім!


[1] http://www.halalsign.com/e-numbers/;
     http://helalvesaglikli.org/tr/bilgi-merkezi/goster/17;
     http://islamqa.org/hanafi/askimam/83771 ;
     http://www.helalplatform.com/hangi-alkoller-haramdir.html

Абдусамат Қасым