Өкіметтен үй алу үшін ерлі-зайыптылар қағаз жүзінде ажырасатын болса, некелері бұзыла ма?
Өкіметтен үй алу үшін ерлі-зайыптылар қағаз жүзінде ажырасатын болса, некелері бұзыла ма?
2 жыл бұрын 6267

Әссәләмуғалейкум! Өкіметтен жеңілдікпен үй алу үшін ерлі-зайыптылар қағаз жүзінде ажырасып жатыр екен. Соған некелері бұзыла ма?  Анон.

Уағалейкумуссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!

Біріншіден, Пайғамбарымыз Мұхаммед ғалейһиссәләм: «Бізді алдаған - бізден емес»[1], - деген. Сондықтан, әлгіндей амал шариғатта құпталмайды.

Екіншіден, Алла елшісі хадис шәрифте: "Үш нәрсенің шыны да шын, әзілі де шын" - дейді. Олар: "Неке, талақ және қайтару"[2]. 

Сол себептен, ерлі-зайыптылар сотқа өздерін ажыратуға өкілеттілік бергендіктен, қағаз жүзінде болса да соттың шешімі бір талақ болып саналады. Алайда, мұндайда соттың шығарған үкімі «кіші байн талақ па?» - әлде, «рижғи талақ па?» екендігінде талас бар[3]. Дегенмен, ең абзалы – одан әрі қарайғы ерлі-зайыптылық байланысты жалғастырулары үшін неке жаңартқандары дұрыс.


[1] Сахих Муслим من غشنا فليس منا
[2] Әбу Дәуід - №2194 хадис: Хадистегі «қайтару» сөзінің мәні: ері бір рет не екі рет талақ айтқаннан соң үш хайыз уақыты ішінде неке жаңартпастан әйелімен татуласып, оны қайтарып алуына құқылы. Татуласы ісі – белгілі әрекеттер арқылы немесе «қайтардым» деп айту арқылы жүзеге асады. Егер, ері қалжындап болсын қайтардым десе, онысы қайтарғанға саналады.
[3] «Кіші байын талақта» ерлі-зайыптылар қайта татуласулары үшін неке жаңартулары шарт. Ал, «рижғи талақта» ерлі-зайыптылар үш хайыз уақыты ішінде неке жаңартпастан татуласа алады.   

Абдусамат Қасым