Шашымды әйел кісіге қысқартсам күнә ма?
Шашымды әйел кісіге қысқартсам күнә ма?
9 жыл бұрын 13194

Ассаламуғалейкум! Білгім келгені, әйел шаштаразшыға шаш қысқарту күнә мә? Мен бұрыннан қысқартып жүрген бір шаштараз бар. Онда кілең әйел кісілер істейді. Бір досым айтады, бөтен әйел кісіге шаш алдыруға болмайды деп. Ерлан

Уағалейкум ассалам! Ислам діні бір-біріне бөгде әйел мен еркек арасында белгілі бір арақашықтық сақтауды бұйырады. Мысалы, мұсылман ер кісі бөтен әйелмен қол алысып амандаспайды, бір бөлмеде оңаша қалмайды, әйел кісі бөгде еркектің алдында белгілі киім үлгісін киеді т.б. Бұл арақашықтық шаш қидыру мәселесінде де сақталуы тиіс деген пікірдеміз. Сондықтан, мұсылман ер кісі мүмкіндігінше шашын бөгде әйел емес, ер кісіге қысқартқаны дұрыс. Қазіргі таңда шаштаразшы ер адамдарды табу қиынға соқпайды.

 

Абдусамат Қасым