Құранды телефоннан оқыса, Құран кітаптан оқығандай сауабы бола ма?
Құранды телефоннан оқыса, Құран кітаптан оқығандай сауабы бола ма?
10 ай бұрын 2820

Әссәләму ғаләйкум! Телефондағы Құранды оқығанда Құран кітаптан оқығандай сауап бола ма?

Уағалейкумуссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!

Телефон, планшет сияқты гаджеттерге жүктелген Құранның электронды нұсқалары да Құран саналады. Сондықтан да, Құранды телефоннан оқудың сауабы, Құран кітаптан оқығанның сауабымен бірдей деуге негіз бар. Алайда, қайсысы абзалырақ, десеңіз, Құран кітаптан оқыған абзалырақ екендігі даусыз. Құран кітаптан оқудың әсері телефоннан, не басқалай электронды құралдардан оқудың әсерінен көбірек. 

Ең дұрысы – Аллаға мәлім!  

Абдусамат Қасым