Жұма намазын далада оқығанда аяқ киімді шешпей оқи беруге бола ма?
Жұма намазын далада оқығанда аяқ киімді шешпей оқи беруге бола ма?
10 күн бұрын 1774

Ассаляму аляйкум! Кейде жума намаздарын сыртта оқып жатамыз. Сол кезде аяқ киімді шешіп оқу шарт па? Аяқ саусақтары жерге тисін деген мақсатта. Әлде шешпей оқи беруге бола ма? Намаздың дұрыстығына кедергі келтірмей ме? Әл-Фараби Аралбай.

Уағалейкумуссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!

Жұма намазын немесе айт намаздарын далада оқыған кезде аяқ киімді шешпей оқи беруге болады. Оған дінімізде рұқсат етілген. Әсіресе, күннің суықтығы себепті аяқтан сыз өтеді деп қорыққан мұсылманға бұл бір жеңілдік болмақ. Бастысы аяқ-киіміңіздің табаны нәжістен ада болуы тиіс. Ал табаныңыздың топырақ немесе батпақ болуы намазға кедергі емес.

Аяқ-киіммен намаз оқудың рұқсаттығы хадистермен бекітілген. Хадистердің бірінде Амр ибн Шуғайб атасынан (Абдулла ибн Амр) жеткізген хадисте Ол былай деген: «Алла елшісінің (соллаллаһу алейһи уә сәлләм) жалаң аяқ та, аяқ киіммен де (منتعلاً ) намаз оқығандығын көрдім»[1].


[1] Әбу Дәуід: Сүнән. №653 хадис.

Абдусамат Қасым