Киімнің 70% мақта, ал, қалған 30% таза жібектен болса, ер кісінің киюіне рұқсат па?
Киімнің 70% мақта, ал, қалған 30% таза жібектен болса, ер кісінің киюіне рұқсат па?
7 жыл бұрын 4436

Әссәләмуғалейкум! Киімнің құрамы 70% мақта, 30% табиғи жібектен болса, еркектерге оны киюге бола ма? Әсет Пазылов

Уағалейкум әссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!

Фиқһта мынадай қағида бар: «Егер, харам мен халал біріксе (тең түссе), харам үкімі алға шығарылады». Осыған орай, сіз сұрап отырған киімнің мақта құрамы жібектің қосындысынан әлдеқайда басым түскендіктен, ондай аз көлемде жібек араласқан киімді киюдің күнәсі жоқ деуге негіз бар. 

Абдусамат Қасым