Біреудің қастандығынан қорғану үшін қандай дұға оқыса болады?
Біреудің қастандығынан қорғану үшін қандай дұға оқыса болады?
2 ай бұрын 3228

Сәлеметсіз бе! Қастық ойла: құртамын, жоямын, көрсетемін» деп сес көрсетіп жүрген адамның дұшпандық ойын сейілту үшін оқуға болатын дұға болса көмектесіңізші!   

Сәлеметсіз бе!

Әлдебіреудің дұшпандығынан және қастық ойынан қорғану үшін мына төмендегі дұғаны оқысаңыз болады:

 اللَّهُمَّ إِنَّا نَجْعَلُكَ فِي نُحُورِهِمْ وَنَعُوذُ بِكَ مِنْ شُرُورِهِمْ

«Аллахуммә! Иннә нәжъалүкә фи нухуриһим, уә нәъузу бикә мин шуруриһим».

Мағынасы: «Уа, Жаратқан Ием! Біз сені оларға қарсы пана тұтамыз. Және олардың жаманшылығынан саған сыйынамыз».  

Сахаба Әбу Муса әл-Әшъаридің (р.а) айтуы бойынша, Пайғамбарымыз (с.а.у) әлдекімдердің дұшпандығынан қауіптенген жағдайда, аталмыш дұғаны оқитын болған екен[1].  

Және де мына дұғаны оқыңыз: 

أَعُوذُ بِكَلِمَاتِ اللَّهِ التَّامَّاتِ مِنْ شَرِّ مَا خَلَقَ

«Әъузу бикәлимәәтиЛләһит тәәммәәти мин шарри мәә Халәқ».

Мағынасы: «Жаратылғандардың жамандығына қарсы Алланың толық әрі кемшіліксіз сөздерін қорған етемін».

Бұнымен қатар, «Аятуль курси» мен «Фәлақ» сүресін де қосымша оқысаңыз артықтық етпейді. 


[1] Әбу Дәуід – №1537 хадис.

Абдусамат Қасым