Құлақ шыңылдағанда не деп айту керек?
Құлақ шыңылдағанда не деп айту керек?
6 жыл бұрын 11713

Сәлеметсиз бе! Құлақ шыңылдаса не деп айту керек? Ақмарал

Сәлеметсіз бе! 

Құлақ шыңылдағанда Пайғамбарымызға салауат айтамыз да, артынан:

اللَّهُمَّ اذْكُرْ بِخَيْرٍ مَنْ ذَكَرَنِي بِخَيْرٍ 

«Аллаһуммәзкур бихайрин, мән зәкәрәни бихайрин».

Мағынасы: «Аллаһым! Мені жақсылықпен еске алған адамды, сен де жақсылықпен еске ал!» -

- дейміз. Қазақша мағынасын айтуына да болады.

Пайғамбарымызға салауат: «Аллаһуммә салли аля саийдинә Мұхаммәд уә аля әли саийдина Мұхаммәд».

Бұған қатысты Имам әл-Байһақидің хадистер жинағында риуаят етілген хадисте былай делінеді:

«Егер кімнің құлағы шыңылдаса, мені еске алып, маған салауат айтсын да, артынан былай десін:

«Аллаһым! Мені жақсылықпен еске алған адамды, сен де жақсылықпен еске ал!»[1]. 


[1] Әл-Байһақи: әд-Дәғәуатуль Кубра. №490 хадис.

Абдусамат Қасым