Нәпіл ораза ұстаған әйел хайыз көрсе, оразаның қазасын өтей ме?
Нәпіл ораза ұстаған әйел хайыз көрсе, оразаның қазасын өтей ме?
7 ай бұрын 1376

Ассаляму алейкум уа рахматуллаһи уа баракатуһ! Әйел адам нəпіл ораза ұстап жұріп, хайызы келсе, оразаның қазасын өтей ме?

Уағалейкумуссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!

Ондай жағдайда парыз ораза мен нәпіл оразаның қазасы өтеледі. Нәпіл намаз да дәл солай, яғни нәпіл намазды оқып тұрған сәтте хайызы келген әйел кісі кейіннен ол намаздың қазасын өтеп алуы керек.

Бірақ парыз намазы басқа. Парыз намазын оқып тұрған сәтте хайызы келген әйел, кейіннен ол парыздың қазасын өтемейді.  

Абдусамат Қасым