Таиландтық әжей немересі Олимпиада жүлдесін алған сәтте көз жұмды
Таиландтық әжей немересі Олимпиада жүлдесін алған сәтте көз жұмды
8 жыл бұрын 4280

Таиландтық ауыр атлет, 56 келіде Рио Олимпиадасының қола жүлдегері атанған Синпхета Круаитонгтың әжесі ойындарды тамашалап отырып көз жұмды. Бұл туралы "NUR.KZ" порталы "rsport.ru" сайтына сілтеме жасай отырып, хабар таратты. "AFP" ақпарат көзінің хабарлауынша, әжейдің неден қайтыс болғаны белгісіз. 82 жастағы кейуананың жүрегінде бұрыннан ақау бар ма, әлде немересінің жеңісін көргенде қатты толқыды ма, әлі анықталған жоқ. Қоссайыс қорытындысы бойынша 289 келі көтерген Круаитонг Олимпиаданың қола медалін жеңіп алды.

0 пікір
Мұрағат