Мұсылман спортшыға жанкүйерлері исламды қабылдайтынын айтты, бірақ, бір шартпен... (фото)
Мұсылман спортшыға жанкүйерлері исламды қабылдайтынын айтты, бірақ, бір шартпен... (фото)
6 жыл бұрын 6574 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Ағылшындардың «Ливерпуль» футбол клубының жанкүйерлері осы команданың құрамында ойын өрнегін көрсетіп жүрген тегі мысырлық Мұхаммед Салаһ десе, ішкен асын жерге қояды. Қызық болғанда, жанкүйерлері оған 25 жасқа толуына орай қарсыластың қақпасына тағы бірнеше гол кіргізген жағдайда жаппай исламды қабылдайтындарын айтып, уәде берді. Бұл жайында Al Jazeera ақпарат көзі хабар таратты. Айта кету керек, өткен жылы «мысыр королі» деген лақап атқа ие болған Мұхаммед Салаһ BBC нұсқасы бойынша ең үздік африкалық футболшы атанды. Бір маусымды 30 гол соққан оны аты аңызға айналған аяқ доп перісі Лионелем Мессимен теңестіре бастады. Бұған қоса, әлеуметтік желіде әлемді жайлаған әлеуметтік дертпен -  исламофобиямен күресудегі Мұхаммед Салаһтың қажыр-қайратына тамсанушылардың қарасы көп. «Әлемде өркениеттер қақтығысын тоқтатуда табандылық танытып жүрген ондай адам жоқ»,- деп баға берді сатирик Карл Шарро.

0 пікір
Мұрағат