Хижаб киген ирандық әйел Катардағы жанкүйерлерді шеберлігімен тәнті етті (видео)
|
Майми Асқар есімді 24 жастағы Иран тумасы футболдан әлем чемпионаты өтіп жатқан Катарда жанкүйерлерді өнерімен өзіне жалт қаратты. Бұл жайында islam.kz порталы IslamNews ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Дәлірегі, допты қақпақылдап, түрлі ойын өрнегін көрсеткен кезде жанкүйерлер оның шеберлігіне тәнті болып, көз айыра алмай қалады. Осылайша шариғат шәлісін таққан спортшы қыздың әлеуметтік желідегі көрермендері 20 млн-ға жеткен. Ол аңызға айналған бразилиялық Роналдинионың шеберлігінен көп нәрсе үйренгенін, дәлірегі, атақты спортшының допты игеру техникасын қайталауға тырысатынын жеткізді.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
От шашып, жалын бүркетін робопс пайда болды (видео)
■
Ым-ишара тілін дауысқа айналдыратын (аударатын) смарт көзілдірік жасалды (видео)
■
Сауытты бұзатын ұшқышсыз ұшу аппаратының мүмкіндіктері жұртшылық назарына ұсынылды (видео)
■
Шоколадтың жаһандық қорына қауіп төнді
■
Екпенің жарты ғасырда шамамен 154 млн адамның өмірін құтқарғаны белгілі болды