«Астана» мен «Галатасарай» меморандумға қол қойды
«Астана» мен «Галатасарай» меморандумға қол қойды
10 жыл бұрын 3005

Бүгін Астана қаласында Президенттік «Астана» клубының төрағасы Дархан Қалетаев пен «Галатасарай» (Түркия) клубының директорлар кеңесінің мүшесі Седат Доған кездесіп, меморандумға қол қойды. Аталған құжатта екіжақтың әріптестікқатынасын күшейту, бизнес-үрдістерді құру кезінде тәжірибе алмасу сияқты мәселелер көрсетілген.

Естеріңізге сала кетейік, осыдан көп ұзамай «Астана» клубы «Галатасарай» клубының Стамбулдағы штаб-пәтеріне іс-сапармен барған болатын. Бұл игі істің бастамасы сол кезден бастап, қазір де өзінің жалғасын тауып отыр.

Екі жақ та алдағы болатын спорттық жиындарда, семинарларда, форумдарда бір-біріне әріптестік көмек көрсетуге әзір.

0 пікір
Мұрағат