Азаннан "азап көрген" қонақ
Азаннан "азап көрген" қонақ
10 жыл бұрын 4708

Түркияның Догенбей атты курортты қаласында екі аптадай демалып қайтқан Германия азаматы еліне келген соң өзі көмегіне жүгінген туристік фирманы сотқа беріп, 1161 еуро өтемақы талап етті.

Туристің сөзіне қарағанда, оның ойдағыдай демалуына таң намазына шақырған азаншының үні бөгет жасаған. Ұйқысы бұзылған турист сотта жеңіліп қалды. Өйткені, оған Түркияның мұсылман ел екені және бұл елде Еуропадағы шіркеу қоңырауының үні секілді азаншының даусы да қалыпты жағдай саналатыны, әрі турист түсетін қонақ үйдің шуы көп қаланың қақ ортасында орналасқаны да алдын-ала ескертілген екен.

4 пікір
Мұрағат