Зейнетақы жинағы бойынша инвестициялық кірістің үлесі — 32,5%
Зейнетақы жинағы бойынша инвестициялық кірістің үлесі — 32,5%
8 жыл бұрын 2068

2016 жылдың басынан бері инвестициялық кірістің таза өсімі 267,2 млрд теңгені құрады. Бір жыл ішінде (2015 жылдың маусым айының соңындағы үлеспен салыстырғанда) көлем екі есеге артты. БЖЗҚ-ның инвестициялық қызметінің тиімділік деңгейі қазақстандықтардың зейнетақы жинақтарындағы таза инвестициялық кірістің бірден өсуімен байланысты, деп хабарлайды "7kun.kz" ranking.kz сараптама агенттігіне сілтеме жасай отырып. Табыстың өсуі БЖЗҚ-ның іскерлік белсенділіктің төмендеуі мен дағдарыс жағдайына қарамастан табыс таба алатынын көрсетіп отыр. Зейнетақы жинақтарының көлемі бойынша инвестициялық кірістің үлесі соңғы жылы бірден өсіп, 23%-дан 32,5%-ға дейін көтерілді. Көрсеткіштің жоғарғы деңгейі 2009-2010 жылдардағы дағдарыс кезінде тіркелген. Кірістің рекордтық өсімі БЖЗҚ-ның инвестициялық портфелінің құрылымының өзгеруі аясында белігленіп отыр. Соңғы екі жылда қор ұжымдық жеке секторының борыштық бағалы қағазадына инвестиция сала бастады. Қазақстандағы кәсіпорындардың портфель құрылымындағы облигациялар үлесі 2016 жылдың маусым айындағы есеп бойынша 39%-ға бағаланып отыр. Екі жыл бұрын көрсеткіш 27%-ды құрады. Сондай-ақ, БЖЗҚ мемлекеттік қағаздар бойынша өз позициясын қысқартып жатыр. Себебі жоғарғы сенімділігімен ерекшеленгенмен, кірісі аз. Мысалы 2014 жылы мемлекеттік бағалы қағаздардың үлесі 55%-ды құраса, осы жылы — 45%.

0 пікір
Мұрағат