Вице-министр: Орамал мен хиджаб тыйым салынған киімдер қатарында жоқ
Вице-министр: Орамал мен хиджаб тыйым салынған киімдер қатарында жоқ
7 жыл бұрын 5894

Түгелдей қара киімге тұмшаланып жүруге тыйым салынғанымен, орамал мен хиджабқа тыйым салынбайды. Бұл туралы баспасөз жиыны кезінде Дін істері бойынша вице-министр Берік Арын мәлімдеді деп хабарлайды Today.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

"Әңгіме бетін тұмшалап алатындарға қатысты болып отыр. Ниқабтар, чадралар, паранджа және өзге де осы іспеттес киімдер адамның тұлғасын анықтауға кедергі келтіреді. Алайда қызметтік жағдайына орай бетперде киюге мәжбүр азаматтар мен шетелдік діни қызметкерлерге елімізде бұл шектеулер алынып тасталады.

Тек бір атрибутты сөз еткен дұрыс болмас, әңгіме деструктивизмнің бірнеше белгісіне келіп тіреледі. Бұл тек сақал ғана емес, өзге де белгілердің жиынтығы болуы мүмкін. Қазір мамандар пікірін зерттеп жатырмыз. Кейін оны талқыға саламыз. Содан кейін барып заң талаптары бекітіледі", - дейді Берік Арын.

0 пікір
Мұрағат