Мұсылман емес елдердің өзінде түрмедегілердің ораза ұстауына жағдай жасалған
Мұсылман емес елдердің өзінде түрмедегілердің ораза ұстауына жағдай жасалған
7 жыл бұрын 2760 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Естеріңізде болса, осыдан екі бұрын еліміздегі, дәлірегі, Атырау облысындағы түзету мекемесінде жазасын өтеп жатқандардың ораза ұстағаны үшін карцерге қамалғанын хабарлаған едік. Мұсылман елі бола тұрып. Енді мынаған не дейсіз?

АҚШ-тың Колорадо штатына қарасты Адамс округындегі тұтқын мұсылмандар қасиетті Рамазан айында Құран оқуға қол жеткізді әрі өздерінің құқықтарын  елемеген түрме басшылары тиісті жазасын алды. Тарқатып айтқанда, аталмыш абақтыда жазасын өтеп жатқан Маркис Харрис түрме әкімшілігін сотқа берген болатын: 2015 жылы Ораза айында қасиетті Құран оқуға рұқсат бермей қойғаны үшін. Нәтижесінде сотталушының шағымы қанағаттандырылып, мұсылман тұтқынның ар-ождан бостандығына қол сұққаны үшін түрме әкімшілігі оған 25 мың доллар өтемақы төлеуге мәжбүр болған еді. Тек өтемақы төлеп қоймай, кешірім сұрады. Бұл жайында The Denver Channel ақпарат көзі хабар таратты. Ендігі жерде мұсылман тұтқындарға қасиетті Рамазан айында Құран оқуына рұқсат беріп қана қоймай, ауыз бекіткендеріне түрме тәртібінен бөлек сәресіне тағам беріледі әрі жамағат болып намаз оқуына тыйым салынбайды. Бұған қоса, түрме әкімшілігі жазасын өтеуші мұсылмандарға шариғат талаптары бойынша әзірленген ас мәзірін ұсынбақшы. 

0 пікір
Мұрағат