Ұлттық пантеонға кімдердің жерленетіні белгілі болды
Ұлттық пантеонға кімдердің жерленетіні белгілі болды
7 жыл бұрын 3236

Қазақстан үкіметінің 2017 жылғы 29 мамырдағы жарлығымен Ұлттық пантеонға қатысты ереже бекітілді. Бұл туралы NUR.KZ поралы Zakon.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Құжатқа сәйкес, Ұлттық пантеон - қаза болғандарды жерлейтін орын. Онда еліміздің мәдениет, ғылым және өзге да салаларына сүбелі үлесін қосқан азаматтары қайтыс болғаннан кейін жерленетін болады. 

Ережеге сәйкес, пантеонның аймағында келесі қайтыс болған тұлғалар жерлене алады:

- Қазақстан президенттері мен олардың отбасы мүшелері;

- Қазақстанның премьер-министрлері мен оның орынбасарлары, парламент палатасының төрағалары мен олардың орынбасарлары, мемлекеттік хатшылар, президент әкімшілігі басшылары, конституциялық кеңес, Ұлттық банк пен Жоғарғы сот төрағалары;

- министрлер, президентке тікелей бағынатын мемлекеттік орган басшылары, облыс әкімдері, республикалық маңызға ие қала әкімдері, астана әкімдері; 

- «Халық қаһарманы», «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын иеленгендер;

- «Алтын Қыран», «Отан», «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев», үш дәрежелі «Еңбек Даңқы» ордендерінің иегерлері;

- «Кеңес Одағының батыры», «Социалистік еңбек ері» атағының иегерлері;

- «Қазақстанның ғарышкер-ұшқышы» атағын иеленгендер;

- президенттің айрықша шешімімен мақұлданған өзге де тұлғалар;

- Пантеонға жерленгендердің қасына кейін қаза болған жары да жерлене алады.

Ереже жария етілгеннен кейін он күн өткенде заңды күшіне енеді.

0 пікір
Мұрағат