Ұлттық экономиканың негізгі қозғаушы күші белгілі болды
Ұлттық экономиканың негізгі қозғаушы күші белгілі болды
7 жыл бұрын 2678

2016 жылы ұлттық экономиканың негізгі өсу драйвері шағын бизнес болды. Бұл сектордағы кіріс 45% ұлғайған, белсенді жұмыс істейтін кәсіпорындар саны 5% көбейді, деп хабарлайды, ranking.kz.

Биылғы жыл өсу қарқыны бойынша шағын сектордың абсолютті басым болуымен аяқталады. 2016 жылы қараша айының соңында Қазақстанда 125 мың шағын кәсіпорындар белсенді жұмыс істеген. Шағын бизнес жаңа мүшелермен қарқынды толықтырылып отырған - бір жылда жаңа кәсіпорындар саны бірден 21% өскен. Аталған өсім ірі сектор белсенділігінің төмендеуімен тұспа-тұс келді. 

Бір жылда өміршең ірі және орта компаниялар саны 1% қысқарған, ал жаңа кәсіпорындардың ашылуы 39% бір-ақ құлдыраған. 

Мамандар Қазақстандағы шағын бизнестің жылдам дамуына бағдарламалар операторы «Даму» қоры арқылы мемлекеттің кәсіпкерлікті белсенді түрде несиелеуі ықпал еткенін атап өтті. Шағын және орта бизнеске мемлекеттік қолдау білдірудің негізгі құралы - несиелік мөлшерлемені субсидиялау. 2010 жылдан бүгінге дейін кәсіпкерлер үшін несие мөлшерлемесін субсидиялау бойынша 1,6 триллион теңге сомасына 8,3 мың жоба мақұлданды.

Субсидиялардың жалпы көлемі 135 миллиард теңгені құрады. Биылғы қаңтар-қыркүйек айларында төленген субсидиялар 21,8 миллиард теңге сомасына немесе барлық 2015 жыл деңгейінің 82% құрайды. Несиелеу анағұрлым арзан бола түсті және банктер бизнеске арналған несиелік өнімдер сатылымының өткен жылғы деңгеймен салыстырғанда 54% өскенін анықтады. 

2016 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында ҚР барлық шағын кәсіпорындары бірлесіп шамамен 15 триллион теңге кіріс тапты. Бір жылдық түсім 45% ұлғайды. Бұл кезеңде ірі және орта кәсіпорындар пайда табу қарқынын 18% ғана ұлғайта алды. 

Биылғы 9 айдың қорытындысы бойынша, кіші кәсіпорындар 1,4 триллион теңге көлемінде немесе өткен жылдан 4,5 есе көп табыс тапты. Сектордағы өндіріс тиімділігі 2015 жылы 3% көрсетсе, биыл 10% жеткен.

0 пікір
Мұрағат