Үкімет Наурыз бен Астана күніне байланысты берілетін демалыс күндерін ауыстырды
Үкімет Наурыз бен Астана күніне байланысты берілетін демалыс күндерін ауыстырды
7 жыл бұрын 4124 tengrinews.kz

Бақытжан Сағынтаев 2017 жылы демалыс күндерін ауыстыру туралы ҚР Үкіметінің қаулысына қол қойды, - деп хабарлайды премьер-министрдің сайты.

Қаулыға сәйкес демалыс күндері 2017 жылғы 18 наурыз сенбіден - 2017 жылғы 20 наурыз дүйсенбіге және 2017 жылғы 1 шілде сенбіден - 2017 жылғы 7 шілде жұмаға ауыстырылды.

Қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

0 пікір
Мұрағат