ҰБТ-2015: Алты күн ішінде 5 түлек 125 балл жинады
ҰБТ-2015: Алты күн ішінде 5 түлек 125 балл жинады
9 жыл бұрын 4810

ҰБТ-2015 уақытындағы алты күн ішінде бес түлек 125 балл жинады, деп хабарлайды Tengrinews.kz ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

125 балды бес түлек алды: Ердосова Гүлназ Жандосқызы - Тараз қалалық №45 қазақ классикалық гимназиясының түлегі; Мұстафина Риана Еркінқызы - Астана қаласындағы №59 мектеп-лицейі; Самат Сымбат Қуанышқызы, БҚО Теректі ауданындағы "Үміт" лингвистикалық мектебі; Абдазимова Лаура - ОҚО Түлкібас ауданындағы үш тілде білім беретін, дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернат және Яковлева Анастасия Владимировна - №90 лицей, Алматы қаласы.  2014 жылы төрт түлек ең жоғарғы балды алған болатын.

Еске салайық, ҰБТ 165 пунктте өтті. Өтініш берген 85 856 түлектің 80980-і қатысты (94,3 пайыз). Орташа балл - 79,5. 50 балл міндетті межені 65 947 түлек (81,4) өтті. 14 133 (17,5 пайызы) түлек 100 балдан жоғары көрсеткіш жинады.

 

ҰБТ 2015 қорытындысы

Республика бойынша ҰБТ-ға қатысу үшін 92086 мектеп бітіруші өтініш берген, ол жалпы мектеп бітірушілердің 72,49%-н құрайды. Оның ішінде: қазақ тілінде – 63603 (74,88%), орыс тілінде – 28483 (67,66%). ҰБТ-ға қатысуға өтініш бергендердің ішінен 87564 мектеп бітіруші тестілеуге қатысты.  Аудиторияда тәртіп сақтау ережесін бұзғаны және тыйым салынған заттарды қолданғаны үшін 29 мектеп бітірушінің тест нәтижелері жойылды, жинақта келтірілген статистикалық мәліметтерде олардың саны есепке алынбайды, - деп хабарлайды ұлттық тестілеу орталығы.

Қорыта келгенде 2014 жылы 87564 мектеп бітіруші немесе олардың жалпы санының 68,93%-ы ұлттық бірыңғай тестілеуден өтті. Оның ішінде: 61654 - қазақ тіліндегі, 25910 - орыс тіліндегі мектеп бітірушілер. ҰБТ-ға барлығы 5037 жалпы орта білім беру ұйымдары қатысты.

Тестілеуге қатысуға өтініш берген мектеп бітірушілердің санынан ҰБТ-ға қатысу үлесі жағынан келесі аймақтар жоғары болды: Оңтүстік Қазақстан облысы – 99,07%, Жамбыл облысы – 98,67%, Атырау облысы – 98,22%. Төмен көрсеткіштер: Алматы қаласы – 83,26%, Республикалық мектептер – 88,04%, Қостанай– 90% облыстарында байқалды.

ҰБТ нәтижесі бойынша (конкурсқа қатысты пәндер бойынша) ҰБТ-ға қатысқандардың жалпы санының 20232 немесе 23,11% мектеп бітіруші – 0-ден 49 балға дейін жинап, білім деңгейінің төмендігін көрсетті (2013 жылы ҰБТ-ға қатысушылардың 27457-і немесе 28,77% өту деңгейі – 50 балдан аса алмаған).

Республика бойынша ҰБТ-ның орташа балл нәтижесі конкурсқа қатысты пәндер бойынша 62,51 балды құрады (2013 жылы 59,56 балл болған).

Конкурсқа қатысты пәндер бойынша 4660 немесе мектеп бітірушілердің жалпы санының 5,32%-ы тоқсаннан жоғары балл жинады.

Мектеп бітірушілердің 17949-сі немесе 20,5%-ы 50-ден 59 балға дейін жинады. Ал 20401 мектеп бітіруші немесе 23,3%-ы 60-тан 70 балға дейін жинады. Ал 71-ден 89 балға дейін 24322 мектеп бітіруші немесе 27,78%-ы жинады.

Ағымдағы жылы 4 мектеп бітіруші 4 ҰБТӨП-те: Марат А. Ж.  - 701 Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Абдижапар А. Б. - 704 Халықаралық білім беру корпорациясы, Ахметжанова Ш. А. - 741 Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы, Ержанова У. Е. - 853 Оңтүстік Қазақстан облысы Темірлан ауылы 125 балл жинап, ең жоғары нәтиже көрсетті.

0 пікір
Мұрағат