Цифрлық даму министрлігінің хабарламасы елді шошытты. Телефонға "қауіпсіздік" сертификатын енгізу - тоталитаризмге жасалған қадам
Цифрлық даму министрлігінің хабарламасы елді шошытты.  Телефонға "қауіпсіздік" сертификатын енгізу - тоталитаризмге жасалған қадам
5 жыл бұрын 2095

Қазақстандықтарға кешелі бері жаппай жіберіліп жатқан СМС-тер жұрттың түсінбеушілігін тудырды, деп жазады ernur.kz порталы ktk.kz ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып.

Хабарламада жеке мәліметтеріңіздің қауіпсіздігі үшін сертификат орнатыңыз делінген. Соның сілтемесін де жіберіпті. Азаматтар "алаяқтардың әркеті" дегені Цифрлық даму министрінің бұйрығы боп шықты. Осы арқылы олар халықты хакерлерден қорғаймыз деген. Алайда, бұл қорғау емес, керісінше әрбір басқан ізді қадағалау деген сарапшылар біздің көзімізше министрліктің жіберген смс-ін өшіріп тастады. "Сертификат орнат" деген смстер кешеден бері қарша борай бастады. Заңды алға тартқандар оны телефон, планшет болсын, барлық құрылғыға қосуға тиіссіңдер, кері жағдайда ғаламторға кіру қиындайды деген. Сыпайылығынан гөрі сесі басым хабарлама бірден жұрттың ашуын тудырды. Алайда, осы әрекетін жуып-шаймақ болған министрлік басшылары әр адамның өз қалауы деп басқаша сөйлеп шықты.

"Әркімнің өз қалауы! Қосып көрейік! Маған ондай смс әлі келген жоқ. Бірақ, келе қалса, өзіме де, балаларыма да қосып беремін", - деді Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Абылайхан Оспанов.

Ал сертификат хакерлік шабуылдардан сақтану үшін қажет екен. Яғни, сіздің жеке мәліметтеріңізді қорғайды. Министрліктің осылай деген мәліметін смс таратып жатқан байланыс операторлары да сөзбе-сөз қайталады. Бірақ, солай дей тұра, халықтың бар құпиясын біліп алатын сол сертификаттың қолды болмайтынына кепілдік бере алмады.

"Бұл біздің бастама емес. Сол себепті, ешқандай кепілдік бере алмаймыз. Мемлекеттік органдар бар, біз тек бұйрықты орындаушымыз. Бізге жіберіңдер деді. Біз жібердік", - деді ұялы байланыс операторының өкілі Алексей Бендзь. Ол тұрмақ, кибер шабуылдар жиілеп кетті деген министрліктің мәліметін теріске шығарды.

"Біздің компанияға келер болсақ, мұндай деректер анықталған жоқ", - деді ұялы байланыс операторының өкілі Алексей Бендзь.

Қарсы жұрттың көбі осы арқылы құзырлы мекемелер адамдарды бақылауды күшейткісі келеді деп күдіктенеді. Сарапшылар онымен келісіп отыр. Бірақ, қауіп тыңшыларда емес, басқада деп отыр.

"Біздің әңгімеміз онсыз да тыңдалып жатыр. Кімге не жазғаныңызды арнайы органдар онсыз да біліп отыр. Қорқыныштысы бұл емес. Біз теріспиғылды хакерлерден қауіптенуіміз керек. Өйткені олар оны иеленген жағдайда, сіздің банк картаңыздан бастап, барлық парольдеріңіз солардың қолында қалады", - деді Қазақстан ғаламтор қауымдастығының президенті Шавкат Сабыров.

Осылай деген сарапшы өзіне келген СМС-ті біздің көзімізше өшіріп тастады.

"Сертификат деген сіз бен экран арасындағы көзге көрінбейтін перде сияқты. Оны орнатқан жағдайда, енгізген құпия сөздеріңізге дейін көріп отырады. Сөйтіп, ол мәліметті арнайы серверде сақтайды", - деді ол.

Ол сервер арампиғылды ұрылардың қолына түссе бітті дей беріңіз дейді сарапшы. Олай дейтіні, басқа елдердің де сертификат орнатып, маңдайы тасқа тиген екен. Мәселен, Иранда 300 мың адамның жеке мәліметі қолды болған. Нидерландыда хакерлер мемлекеттік құпияны біліп алып, ақыры сертификат дегенге заңмен тыйым салынған. Қалай десек те, халықтың күдігі бекер емес сияқты.

"Адам іздестіру немесе трафик ішінде ақпаратқа қол жеткізу үшін инструменттері жоқ. Сол инструменттері пайда болу үшін, сертификат дайындап, сертификат енгізу туралы хабарлама жіберілген. Бұл сертификатты орнатқан кезде біздің құқық қорғау органдары мен арнайы қызметкеріне біздің ақпаратымызға қол жеткізу мүмкіндігін береміз", - деді

Кибер шабуылдарды тергеу және сараптау орталығы директоры Арман Әбдірасылов.

Мамандардың сөзінше, сертификат орнатқызып, құзырлы органдар әрбір адам туралы мәліметке қол жеткізеді. Бірақ, бұған халық рұқсат бермеген. Жұртпен ақылдаспай іске асқан шараға сарапшылар күйініп отыр. 

Телефонға "қауіпсіздік" сертификатын енгізу - тоталитаризмге жасалған қадам

Қазақстанда "қауіпсіздік" сертификаты енгізіліп жатыр. Бұл смартфонға немесе планшетке мәжбүрлеу тәртібімен орнатылатын бағдарлама. Егер сіз оны орнатпасаңыз, сізге Фейсбук, Инстаграмм, Ютуб және т. б. көптеген интернет ресурстарына қолжетімділік шектеледі.

Мұның бәрі біздің қауіпсіздігімізге қамқорлық тұздығымен беріліп жатыр. Мемлекетіміз аңыздағы хакерлерсіз ақ жеке адамдар деректерiн қорғай алмай жатқанда бiздiң барлық деректерiмiздi қалайша хакерлерден қорғамақ?

Ал енді сіз бұл сертификатты смартфонға орнатсаңыз, құзырлы органдар не істей алады:
1. Сертификат арқылы мемлекет сіздің құпия сөздеріңізге, логиндерге, әлеуметтік желілердегі беттерге және басқа адамдармен хат алмасуға тіпті телеграм сияқты мессенджерлерге және т. б. қол жеткізе алады.
2. Сіз VPN пайдалана алмайсыз.
3. Мемлекет белгілі адамдардың әлеуметтік желідегі беттеріне кіруін шектей алады. Яғни, желіде тек билікке жақын блогерлер ғана қалады.
4. Мемлекет кез келген адамның кез келген ресурсқа қол жеткізуін шектей алады.
5. Мемлекет кез келген шетелдік ресурстарға қолжетімділікті шектей алады.

Бұл тек негізгі фишкалары ғана. Мен тәулік бойы жүрiс-тұрыс пен сiздiң белсенділігiңiздi бақылау мүмкiндiктерi туралы айтқан жоқпын.
Қысқаша айтсақ, бізді қалпақтың астына алды. Тоталитаризм жағына ең үлкен қадам жасалды.

Мен бұған қарағанда хакерлерге көбірек сенемiн. Олардың мақсаттары мен мүдделерi маған түсінікті және оларға қарсы қандай да бір құралдар бар. Ал мұнда біз шенеуніктерге толықтай тәуелді боламыз.

Менің пікірім: демократия және адам құқығы қорғалмайтын елде, интернетті шектеу жөніндегі кез келген бастама еркіндік қалдықтарын тұншықтыру деп есептеймiн.

Марғұлан Сейсембайдың facebook жазбасынан

Abai.kz

0 пікір
Мұрағат