Тіркелмеген телефондар бұғатталады
Тіркелмеген телефондар бұғатталады
7 жыл бұрын 3884 7kun.kz Мөлдір Иманмәди, otvet.mail.ru

Қазақстанда ұялы телефондарды тіркеу ережесі туралы жоба аяқталды. Енді қолданушылар телефондарын тіркеуден қалай өткізетінін ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігі хабарлады.

 «Министрлікте құрылған жұмысшы топ ІІМ өкілдерінің қатысуымен ұлттық қауіпсіздік және ұялы операторлар комитеті жаңа жоба құрастырды. Жоба бойынша абоненттік құрылғылар IMEI-код базасына тіркелуі қажет», — деп атап өтті ақпарат және коммуникация министрлігі.

Қазір министрлік қызығушылық танытқан мемлекеттік ұйымдармен бірге жоба ережесін талқылап жатыр. Ереже бойынша, қазақстандықтардың телефондары, смартфондары және планшеттері ұялы байланыс операторына қосылған сәтте автоматты түрде тіркеледі.

Ал шетелде сатып алынған телефондар, IMEI кодын IMEI базасына тіркеу арқылы жүзеге асады.

IMEI-код базасының бірыңғай операторы «Мемлекеттік техника қызметі» болады.

ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігі 2017 жылы енгізілетін IMEI кодтар базасына мемлекеттік бюджеттен қаржы талап етілмейтіндігін атап өтті.

ҚР ҰҚК төрағасының орынбасары Марат Қолқобаевтің айтуынша, бірыңғай база елге IMEI кодтары бірдей құрылғылардың әкелінуінің алдын алады.

Министрлік телефондарды тіркеу абоненттердің қатысуынсыз өтетінін айтты.

Еске салсақ, 2017 елде IMEI-код базасында тіркелмеген телефондар бұғатталады.

0 пікір
Мұрағат