Таразда жазасын өтеуші бостандыққа шығудан бас тартты
Таразда жазасын өтеуші бостандыққа шығудан бас тартты
8 жыл бұрын 2698 khabar.kz Мақсат Ықыласов

Тараздың бір колониясында жазасын өтеуші сотталушылар арасында футболдан өтетін чемпионаттың финалдық кездесуіне қатысу үшін мерзімінен бұрын шартты босату мүмкіндігінен бас тартқанМақсат Ықыласовтың командасы (ол онда команда капитаны) басқа түзету мекемелерінен келген қарсыластарының барлығын жеңіп, финалға шыққан. Алайда, сот жазасын өтеушінің сұранысын қарап, оның жазасының уақытының бітуіне жеті ай қалғанда мерзімінен бұрын шартты босату туралы жағымды шешім қабылдаған. Алайда, капитан өз командасымен финалда өнер көрсету үшін колонияда қалуға шешім қабылдаған. Ақтық кездесуде Ықыласовтың командасы қарсыластарын 6:5 есебімен жеңіп, бірінші орынды иеленген. Мен командамды жарты жолда қалдырып кете алмадым. Футбол үшін қалғаныма өкінбеймін, бірақ үйде ата-анам күтіп отыр. Ертең оларға қайтып барамын деп сенемін", - деді сотталушы.

1 пікір
  • Мемлекет есебінен, дәлірегі, біз бен сіздің салығымыздан оған тегін тамақ беріледі деген сөз, мұндай жағдайда жауапкершілік түрме әкімшілігінің мойнында болады
    8 жыл бұрын
Мұрағат