Сот сараптамасына дін мамандарының көмегі қажет – депутат
Сот сараптамасына дін мамандарының көмегі қажет – депутат
6 жыл бұрын 3091 Назерке Абибулла

Әділет министрлігі сот сараптама қызметін Дін және азаматтық қоғам министрлігімен бірлесе жүргізуі тиіс. Бұл туралы Парламент Мәжілісінің депутаты Сауытбек Әбдіраxманов Үкімет сағатында мәлімдеді, деп xабарлайды Baq.kz тілшісі. 

“Әділет министрі Марат Бекетаев Ақтөбеде өңірлік орталық құрылғанын, ол жерде 142 адамға арналған штат бар екенін айтты. Бұл факті министрлік тарапынан қандай көңіл бөлініп отырғанын көрсетеді. Талқылау барысында министрлік денсаулық сақтау, заң, сот органдарымен бірлесе жұмыс істеп жатқаны туралы айтылды. Сонымен бірге, айтылуға тиіс тағы бір министрлік, ол – Елбасының жарлығымен алдыңғы жылы құрылған Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі”, - деді депутат.

Оның айтуынша, Әділет министрлігі сот сараптамасын жасаған кезде терроризмге, экстремизмге қатысты діни әдебиеттермен де жұмыс істейді.

“Мұндай діни әдебиеттердің көпшілігі шет тілінде. Аудармасын жасау, терминологиясын анықтау кезінде осы министрліктің көмегі қажет. Әділет министрлігі нұсқаулықта Дін және азаматтық қоғам министрлігімен бірлесе жұмыс істейтінін көрсетсе деп ұсыныс айтқым келеді”, - деді ол.

0 пікір
Мұрағат