Сирек кездесетін мамандықтарға қызметке тұру жеңілдейді
Сирек кездесетін мамандықтарға қызметке тұру жеңілдейді
7 жыл бұрын 2617 inform.kz Руслан Ғаббасов

ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаттары «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын мақұлдады.

«Заң жобасы мемлекеттік қызметке түсу тәртібін жетілдіріп, құқық қорғау және мемлекеттік қызмет стандарттарын жақындатады. Әзірлеу барысында ол қоғам өкілдерімен кеңінен талқыланды. Біріншіден, мемлекеттік қызмет кадрларын толықтыру тәртібі қайта қаралады. Қазіргі уақытта бос орындар толтыру үш кезеңнен тұратын конкурс арқылы жүзеге асады. Ең алдымен, үміткерлер бос лауазымдары бар мемлекеттік орган қызметкерлері арасынан іріктеледі. Егер олардың ішінен үміткер болмаған жағдайда, іріктеу барлық орган қызметкерлері арасында жалғастырылады. Осы кезеңде де жеңімпаз анықталмаса, онда жалпы конкурс жарияланады»,-деді ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Қайрат Қожамжаров заң жобасы бойынша баяндама жасау барысында.

Оның сөзіне қарағанда, жыл басынан қолданысқа енген заңды талдау көрсеткендей, жалпы конкурсқа қатысулар саны екі еседей көп болып отыр. Сондықтан, бос лауазымдардың 65 пайызы осы кезеңнің қорытындысы бойынша толтырылуда. Қазіргі таңда конкурстар қатаң түрде үш кезекпен өткізілуде. Сол себептен бос лауазымдарға үміткерлерді іріктеу 16-дан 52 жұмыс күніне дейін уақыт алуда. Бұл жағдай өз кезегінде кадр тапшылығына алып келуде, әсіресе, ауылдық және аудандық деңгейлерде кадр жетіспеушілігі анық байқалуда.

«Екінші ішкі және жалпы конкурстарды біріктіру оларды тезірек жабуға мүмкіндік береді. Бос орындар толтыру мәселесін тездетумен қатар, меритократия қағидаларының сақталауын бақылайтын боламыз. Сол себепті, екінші ішкі конкурстар өткізілмейтін жағдайлар заңға тәуелді құқықтық актілерінде анықталатын болады. Олар сирек кездесетін мамандықтар және басшылық емес лауазымдар. Керісінше, барлық басшылық лауазымдарға екінші конкурсты өткізу міндетті түрде сақталады. Бұндай тәсіл төменнен жоғарығы өсуді, яғни мансаптық қағиданың талаптарын орындауды толық қамтамасыз етеді»,-деді ол.

0 пікір
Мұрағат