Шетелден келетін заңсыз жұмысшыларды салық төлеуге міндеттеу керек (видео)
Шетелден келетін заңсыз жұмысшыларды салық төлеуге міндеттеу керек (видео)
8 жыл бұрын 2324 khabar.kz

Қазақстанға жыл сайын 300 мың еңбек мигранты келеді. Әрине, бұл – мемлекет үшін қосымша шығын. Әсіресе, қазіргідей жаһандық дағдарыс жағдайында. Бірақ, билік елдің қамы үшін осындай қадамға барып отыр.   Ал ортайған қазынаны толтырудың жолы жоқ емес, бар. Мәселен, отандық сарапшылардың бір тобы бүгін еңбек мигранттарын салық төлеуге міндеттеуді ұсынды. Айтуларынша, Қазақстанға жыл сайын шетелден шамамен 300 мың заңсыз жұмысшы келеді. Бірақ, ешқайсысы салық төлемейді. Бұдан бөлек, мамандар: «Шетелдік жұмысшыларды бақылау жүйесін жетілдіру керек», - деген пайымда.  Қазбек Майгелдинов, ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы талдама орталығының аға сарапшысы: - Миграция департаменті осы құқық қорғау органдарына берілуі туралы мәселе көтеріліп отыр. Өйткені, бұған дейінгі бұл департамент Ішкі істер құрылымынан өзге, бөлек құрылым ретінде құрылған болатын. Алайда, мына соңғы кездегі экстремистік мәселелер, әсіресе, терроризм мәселесінің Қазақстанға қаупінің төнуіне орай осы мигранттарды белгілі бір дәрежеде қадағалау мақсатында Ішкі істер департаментіне беру туралы жаңа заңнамалар пайдаланылып жатыр. 

 

0 пікір
Мұрағат