Азық-түлік бағасының өсуіне әсер ететін 4 нақты себеп айтылды және бағаны тұрақтандыруға қатысты 9 шара
Азық-түлік бағасының өсуіне әсер ететін 4 нақты себеп айтылды және бағаны тұрақтандыруға қатысты 9 шара
8 жыл бұрын 2861 khabar.kz, bnevs.kz, strategy2050.kz

Ұлттық экономика министрлігі нарықтардың балансын зерттеп, азық-түлік бағасының өсуіне әсер ететін 4 нақты себепті анықтады, деп хабарлады Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев Үкімет отырысында. I. Әлемдік нарықтағы баға жағдаятының өзгеруі және импорттық тауар жеткізілуіне ұлттық валюта әлсіреуінің   әсері. Олар бойынша отандық тауарларды қолдану пайызы 60%-ға тең: ірімшік (16,7%), сүзбе (55,8%), құс еті мен  тауық (41,6%),  тары (55,1%), ұнтақталған қант  (56,4%). II. Табиғи монополиялар  бағасының  өсуі (электр энергиясы, су) және ЖЖМ бағасының 2015 жылы 15,6%-ға өсуі. 2015 жылдың бірінші жартыжылында электр энергиясының  тарифі  7,9 пайызға өскені  азық-түлік бағасының өсуіне әсер етті. III. Маусымдық  өзгерулердің әсері. Жыл сайын  қоймаларда өнімнің аздығына байланысты өнімнің бағасы да ауытқып тұрады. Бұл бірінші кезекте көкөністер: картоп, сәбіз, жуа, орамжапырақ, асханалық қызылша.  Бағаның шарықтауы сәуір-тамыз айларында болады. IV. Экспорттық жеткізілімдердің әсері. Еуразияылқ экономикалық одақтың жұмыс істеуі мен кедендік шекараның ашықтығы да ықпал етеді, оның ішінде Ресей мен Қырғызстан нарықтарында баға өссе,  ол ішкі нарықтағы бағаға тікелей әсер етеді.  Мәселен,  2015 жыл мен 2016 жылғы ақтаған тарының бағасы орташа экспорттың бағасы бойынша   129% және  70 пайызға сәйкесінше көтерілді.

Баға тұрақтандыруға бағытталған негізгі тоғыз шара

Азық-түлік бағасын реттеу тетігін жетілдіруге қатысты жұмысты жандандыру қажет. Бұл туралы үкімет отырысында  ҚР Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев мәлімдеді. 

«Министрлік азық-түлік тауарларының бағасын тұрақты ұстап тұруға немесе көтерілмеуіне жауапты. Осыған байланысты, биыл барлық өндіруші, көтерме саудагерлер және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына талдау жүргізіп, мониторинг жасадық», - деді министр.

Ведомство басшысы төмендегі шараларды қолға алуды ұсынды:

1.Сауда үстемелерін реттеу бойынша нормативтік құқықтық актілерге өзгертулер енгізу;

2.Отандық өндірушілердің тауарларын базарлар мен сауда орталықтарының сөрелеріне тікелей жеткізуді кеңейту;

3.Әлеуметтік маңызы бар тауарлардың белгіленген бағасын орнату;

4. Импортты алмастыратын тауарлардың өндірісін арттыру. Осыған байланысты, қолданыстағы өндірісті қолдау бағдарламаларына («Агрокәсіпкерлік-2020», «Бизнестің жол картасы-2020») өзгертулер енгізу;

5. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бойынша тұрақтандыру қорының жұмысын күшейту;

6.Бұған дейін басталған жұмыстарды жалғастыру: әлеуметтік дүкендер мен азық-түлік тауарларын сататын сауда орындарын ашу және ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерін өткізу;+

7.Азық-түліктің жоғары бағалануын ескере отырып, ірі қалалардың маңынан көтерме базарлардың құрылысына қаржы салуды ынталандыру;

8.Аймақтағы баға тұрақтылығын реттейтін штабтардың жұмысын күшейту және аймақтардағы бағаға қатысты ақпараттармен алмасу үдерісін арттыру;

9.Аймақтық өндірушілер мен негізгі нарық арасындағы тауар алмасуды арттыру үшін аймақаралық байланысты дамыту. 

0 пікір
Мұрағат