Сарапшы: Ауыл шаруашылығы кәсіпкерлеріне жағдай жасалмаған
Сарапшы: Ауыл шаруашылығы кәсіпкерлеріне жағдай жасалмаған
8 жыл бұрын 4214 7kun.kz Аян ҚАЛМҰРАТ, Сурет: aif.ru

Ресми деректерге сәйкес 2016 жылдың қаңтар-тамыз айларында ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемі 2015 жылмен салыстырғанда 4,9 пайызға өскен. Бірақ, сарапшылар  мен кәсіпкерлер «ауыл шаруашылығына дұрыс көңіл бөлінбей отыр» дейді.

Алматы облысындағы «Арман» шаруа қожалығының директоры Зоида Оразбақова мемлекет тарапынан берілетін қолдау үшін жыл сайын құжат дайындайтынын, алайда қандай да бір көмек алу үшін қойылатын талаптардың тым жоғары екенін айтады.

— Осы көктемде егін егуге, оны баптап-сақтауға қажетті құралдарды сатып алуға көмек беруін сұрап мемлекетке құжат өткіздім. Бермеді. Егінді оруға бір ай қалғанда, тамызда, бір-ақ берді. Енді, міне, қазір жинау науқаны басталып жатыр. Комбайн болса жетпейді. Бір-екі күнде қар жауады деп отыр. Неге жылдам жұмыс істемейді? Біз не істейміз? — дейді шаруа.

Сурет: shyn.kzСурет: shyn.kz

Ресми ақпараттар бойынша, биыл астықтың жалпы көлемі 23,1 млн тоннаны құрап, өткен жылмен салыстырғанда 1,4 есе артық жиналған. Ауыл шаруашылығының бірінші вице-министрі Қуаныш Айтуғанов 20 қыркүйекте жасаған баяндамасында егін жинау науқанына барлық алаңның 70 пайызынан астамын жинайтын 14 мың комбайн бөлінетінін айтқан.

44a8190606823da3a550b581ec1cbc98_l— Тамыз айында ауа райы ыстық болғандықтан жаппай егін жинаудың басталуы тамыз айының соңы мен қыркүйек айының басына көшірілген еді. Қалыптан тыс ауа райы болған жағдайда астықтың сақталуын қамтамасыз ету үшін қосымша іс-шаралар жүргізіледі, — деген еді вице-министр.  

Дегенмен, сарапшылар ауыл шаруашылығының өкілдеріне жағдай жасалмай отырғанын айтады. «Ауыл» партиясының төрағасы Әли Бектаев сенат отырысында жасаған баяндамасында ауыл шаруашылығы кәсіпкерлері несие алу үшін қырықтан астам құжат жинайтынын және оларға қойылатын талаптар тым жоғары екенін мәлімдеген еді.

%d0%bd%d0%b0-%d1%81%d0%b0%d0%b9%d1%82-38— Банк беретін несиелердің пайыздық мөлшері кемінде 20-25 пайызды құрайды. Одан бөлек, есеп шот ашуға, қызмет көрсетуге, ақша аударуға қоятын банктердің басқа да пайыздары бар. Бұның барлығын кәсіпкерлікке жасалған қиянат деп айтуға болады. Әсіресе, ауыл тұрғындарының бұл несиелерді алуға қолы жетпейді. Олардың кепілдікке қоятын мүлкін банктер алмайды да. Сондықтан, несие портфеліндегі ауыл азаматтарының үлесі 10 пайыздан да аспайды, — дейді партия жетекшісі. 

Ал экономист Мақсат Халық банк беретін кредиттердің пайыздық мөлшерлемесі жоғары болса да, ауыл шаруашылығын қолдауға бағытталған бағдарламалар қаражатты төмен пайызда қарызға беретінін айтады. Дегенмен, сарапшының пайымдауынша, ондай бағдарламалардың да талаптарында біраз шикілік бар.

829dad1f9cb40fc24c7e4d863a255d33— Ауыл шаруашылығын дамыту мемлекеттік бағдарламасында «кәсіпкердің кепілдікке қоятын мүлкі қала төңірегінде болу керек» деген талап бар. Ал көмекке зәру ауыл шаруашылығы өкілдерінің мүлкі қаладан әлдеқайда алыста орналасқан. Сондықтан, банк олардың мүліктерін кепілдікке қабылдамайды. Сосын «ҚазАгро» бағдарламасы да жақсы қаржыландырады. Бірақ, ол тек ірі, әбден орныққан кәсіпкерлерге ғана көмектеседі. Шағын кәсіпкерлер тағы да назарсыз қалып кетеді, — дейді экономист. 

Алматыдағы Қоғамдық саясатты зерттеу орталығының директоры Меруерт Махмұтова «ауыл кәсіпкерлеріне қолдау көрсетілмей, ауылдар дамымайды» дейді. Сарапшының пайымдауынша, ауыл шаруашылығына да, аталған секторда жұмыс істейтін кәсіпкерлерге де көңіл жеткілікті бөлініп жатқан жоқ.
 
 

82a34e57-cf07-4c3e-8a25-931743e272a7— Экономика министрлігі «2030 жылға дейін бүкіл халықтың 70 пайызы қалада тұрады» деп болжам жасаған. Бірақ елдің бәрін қалаға көшіріп, оларды немен асырайтынын ойланбайды. Сондықтан ауылдың жағдайын жақсарту керек. 1990 жылдары елдің ЖІӨ-де ауыл-шаруашылығының үлесi 34 пайызды құрайтын, қазір 4,2-4,5 пайыз аралығында ғана. Бұл — ауыл шаруашылығына көңіл бөлінбейді деген сөз. Халықтың 43 пайызы ауылда тұрады, сонда елдің жартысы ЖІӨ-ге 5 пайызға жетпейтін пайда әкеліп отырғаны ма? Жоқ, ол ауылда еңбек өнімділігі өте төмендiгiнен емес, ауылда жұмыс жоқтығынан. Ал бізде, статистика бойынша, жұмыссыз ауылдың халқы өзін-өзі жұмыспен қамтығандар санатына жатады, сондықтан ауылда жұмыссыздық деңгейi қалаға қарағанда төмен болып саналады, — дейді экономист.

2015 жылы ауыл шаруашылығының экс-министрі Асылжан Мамытбековтің мәлімдеуінше, Қазақстан ауылдарындағы еңбек өнімдігілігі дамыған елдермен салыстырғанда 3,5 пайыз аз. Экономистер мұнай қоры біткенде елді аталған сектор асырайтынын, сондықтан бұл бағытты құрылымдап, экономиканы әртараптандыруға тырысу керек екенін айтады. 2015 жылғы деректерге сәйкес, ауыл шаруашылығына құйылатын инвестиция 167 млрд теңгені құраған, бұл өндіріс орындарына бөлінетін ақшадан 23 есе аз.

0 пікір
Мұрағат